«Ақ жол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балаларды 1-мамыр мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды
«Ақ жол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен «Ақ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып балаларды 1-мамыр мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды.
Балалар да өздерінің ырзашылығын білдіріп, концерт қойды. Олардың өнерін тамашалап, риза болған тек қана ақжолдықтар емес. Мүгедектігіне қарамастан өздері қатарлы балалар арасында өткен республикалық өнер сайысына қатысып, биден жүлделі орын алып қайтқан балалардың қазақтың ұлттық биін, латиноамерикандық билерін көпшілік тамашалап қол соқты.
Ақ жол жастары да балалардың көңілін көтеріп ән шырқап, би кешін ұйымдастырды. Балар мен жастар бірге биледі.