24
Маусым

Санат жоқ 24.06.2015

«Ақ жол»: Мемлекеттік балабақшаларға кезекті тарату әдістемесін өзгерту қажет

2015 жылдың 24 маусымы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Мемлекеттік балабақшаларға кезекті тарату  әдістемесін  өзгерту қажет – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Талғат Ерғалиев мәлімдеді.
«Үлкен кезектердің салдарынан, Мемлекеттік балабақшада  орын алу жас отбасы үшін өзекті мәселе болып келеді. Қазір барлық жерде жеке меншік балабақшалар ашылып жатыр,  бірақ бір бала үшін ай сайынғы төлемақысын (орташа алғанда 50-60 мың теңге.) көптеген ата-аналардың қалталары көтермейді. Салыстыру үшін:  мемлекеттік балабақшада 1 бала үшін төлемақы – 7 мың теңгеден бастап.. – Премьер-министр К.Мәсімовке жолданған фракцияның депутаттық сауалында айтылады. – Жүздеген тұрғындар армандаған орындарын алу үмітімен мекемелердің есіктерін тоздыруда. Алайда өтуге қажетті, тарату және бюрократиялық рәсімдері, жыл сайынғы дүрлікпені және ата-аналардың көпшілік наразылығын тудырады».
Сауалда аталып кеткендей, «ата-аналардың наразылығының себептерінің бірі  мемлекеттік балабақшаларға кезек орындарын тарату болып келеді».  Мысалға: 2011 жылы туған бала, кезекте №4530 нөмермен тіркелген, ал 2014 жылы туған бала – балабақшаға ресми орналастыруды сол жылы алады. Ата-аналардың өздерінің бақылаулары бойынша, балабақшаға тез орналастыруды жыл басында туған балалар алады,  ал жылдың аяғында туған балалардың – кезегі мүлдем келмеуі де мүмкін».
Депутат ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдемелерін келтірді, оларға сәйкес, 2014 жылдың 1 қазанына арналған жайы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге кезекте 1 жастан 6 жасқа дейінгі 544877 бала  тіркелген, олардың 3 жастан 6 жасқа дейінгісі – 194668 адам.
БҒМ-нің дәл сол дереккөздері бойынша, ағымдағы жылда толықтай алғанда ел бойынша 11720 орынға  43 балабақша пайдалануға енгізу жоспарланып отыр, оның ішінде Астанада – 2640 орынға 10 адам.
Осыны ескергеннің өзінде, кезек тек 2,2% ғана қысқарады.
«Ақ жолда», бұл жағдай жемқорлық факторларының пайда болуына себепкер болады деп санайды.
Осылайша, Бас Прокуратураның құқық статистикасы және арнайы есеп бойынша комитетінің мәліметтері бойынша,  2010 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде, мектепке дейінгі білімнің саласында  балабақша жетекшілерімен жасалған, 167  жемқорлық қылмыс тіркелген, 253 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ Ерғалиев социологиялық онлайн-сұрастыру  нәтижелерін келтірді: баланы балабақшаға қабылдаған үшін  «алғыс айту» сомасы 5 мыңнан 200 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Шамамен алғандағы есеп бойынша,  жыл сайын ата-аналар балаларын балабақшаға орналастыру үшін алғыстарын білдіруге 1,5 млрд.теңгеден астам ақша береді (10 млн. доллар). Қазақстандық балабақшаларда жарты миллион бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын онда 100 000 жуық бала қабылдайды. Ата-аналардың жартысы не бопсалаушылықтың құрбаны болады, не  баланы мерзімнен  бұрын балабақшаға қабылдау үшін, өздері алғыстарын  ұсынады.
2015 жылдың 11 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген, Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес,  тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабаттарында мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар мен орталықтарды, амбулаторлық-емханалық ұйымдарды орналастыру еліміздің  тұрғындары үшін басым міндеттердің бірі.
Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттары ҚР Үкімет Басшысын ҚР БҒМ-не  мыналарды тапсыруды сұрайды:
 -Мемлекеттік балабақшаларға кезекті тарату әдістемесін және ережесін қайта қарастыру;
ҚР ҰЭМ:
 -Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында пайдалануға енгізілетін, жеке меншік балабақшалардың ғимараттары үшін рұқсаттама тәртібін жеңілдету;
 -Ғимараттардың жертөле қабаттарындағы балабақшалар үшін рұқсаттама тәртібін жеңілдету бойынша сұрақты қарау.