«Ақ жол» ҚДП қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді
2015 жылдың 21 маусымы, Ақ Жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының Баспасөз қызметі
«Ораза – тәннің зекеті, сабырдың жартысы, нәпсінің тізгіні» дейді. Осы сөзді зейініне тоқыған мұсылман қауымы қасиетті Рамазан айында ауыз бекіті, Аллаһқа құлшылық етуде.
Ал, ауыз бекіткен адамдарға құрмет көрсетіп, ауызашар беру – сауапты іс.
Жылдағы дәстүрге сай сәрсенбінің сәтті күнінде «Ақ Жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы «Алма-Ата Компот» мейрамханасында бес парыздың бірін орындауға ниет білдірген, қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді.
Оған қалалық ішкі саясат басқармасының жетекшісі С.Бокаев, «Ақ Жол» ҚДП төрағасының орынбасары Қазбек Иса, «Ақ Жол» партия коммиссиясының төрағасы Линник Андрей, Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі тарих факультетінің деканы Арман Жұмаділ, «Ақ Жол » ҚДП Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Д.Васильев, қалалық кеңестің мүшелері,партия белсенділері, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ауызашарға мешіттен арнайы шақырылған Мұсабек имам меймандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, дастарханға дұға жасап, құран оқыған соң, жиылған қауым ауыздарын ашты. Содан соң, бұл сауапты іс шараның жалғасы ізгі амалдар мен игі қадамдарға, жақсылық пен береке-бірлікке жетелейтін бұл айдың қадір-қасиеті туралы әңгімесімен өрбіді. Жиын соңында құран оқылып, ауызашар батасы берілді.