31
Шілде

Санат жоқ 31.07.2015

Депутат Нұрлан Жазылбеков және «Ақ Жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшелері шаһарымыздың «Алматыдағы 2- жылу электр станциясында» іс сапармен болып қайтты

2015 жылдың 31 шілдесі, «Ақ жол» ҚДП АҚФ баспасөз-қызметі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» ҚДП фракциясының  мүшесі Нұрлан Жазылбеков және «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшелері 2015 жылдың  шілде  айының 29-ы  шаһарымыздың  «Алматыдағы  2- жылу электр станциясында»  іс сапармен  болып қайтты.    



  Бүгінде  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары  аймақ - аймақтарға шығуда. Осыған орай бүгін депутат Нұрлан Жазылбеков және «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшелері  аталмыш ұйымның ұжымымен кездесті.  

 

  Мәжіліс залына лық толған ұжымның көкейтесті сұрақтарына депутат Нұрлан Жазылбеков жауап берді. Онда өндірісті модернизациялау, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, тарифтік саясат, сонымен қатар, зейнетақы заңнамасының өзгеруі, әлеуметтік қамсыздандыру және білікті кадрларды даярлау секілді бірқатар мәселелер  көтерілді. Келелі жиынның соңында депутат Нұрлан Жазылбеков және «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшелері  өндірістің жұмыс орнымен танысуға бет алды.