24
Тамыз

Санат жоқ 24.08.2015

Азат Перуашев «Sinopec» қытайлық корпорациясы өкілдігінің директоры Шан Сяннаньмен кездесіп, компанияда жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлемдік дағдарыс жағдайында қолдауды сұрады

2015 жылдың 24 тамызы, «Ақ Жол» ҚДП АҚФ баспасөз-қызметі
Бүгін «Ақ Жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстан және Орта Азиядағы «Sinopec» қытайлық корпорациясы өкілдігінің директоры Шан Сяннаньмен кездесті. Аталған компания мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеумен айналысады. Оның акциялары Нью – Йорк, Гонконк, Шанхай секілді халықаралық сауда биржаларында орналасқан. Әлемнің  сексеннен астам елдерінде бөлімшелері бар. Ал, Қазақстанда «Sinopec» қытай корпорациясы  5 мыңнан астам қазақстандықтарды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.



Кездесу барысында Азат Перуашев ең алдымен аталған компанияда жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлемдік дағдарыс жағдайында әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыс орнын қысқартпау секілді мәселелерді қозғады. Сондай – ақ, қытай компаниясы өкілдеріне серіктес компанияларды таңдауда да  қазақстандықтарға басымдық беруді сұрады. Бұл кешегі ірі бизнес өкілдерімен кездесудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің тапсырмаларына сәйкес болып отыр. Қытай мұнай корпорациясының басшылары өз кезегінде «Ақ Жол» Демократиялық партиясының жетекшісінің ұсыныстарын түсіністікпен қабылдап, тиісті шаралар қабылдайтындықтарына сендірді.