ҚР Парламент мәжілісінің депутаты А.Тұртаев іс-сапармен Арал ауданында болды
2015 жылдың 24 тамызы, «Ақ жол» ҚДП ҚОФ баспасөз-қызметі
Тамыз айының 16 күні ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А.Тұртаев пен сенат депутаттары Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі Қамбаш қосымша білім беру орталығында болды.
17 тамыз күні сапар «Арал тұз» АҚ тұз өңдеу зауыты, «Ранар» ЖШС ұн өндіру комбинатында жалғасын тауып, т.б. бірнеше кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысып, аталмыш кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшыларға еңбек ақылары уақытында төленіп тұрғандығы айтылып, биылғы жылы жалақыларының 20 пайызға өскені жайлы хабардар етілді.
Халық қалаулылары одан кейін аудандағы газ құбырларының жүргізілу қарқынын көріп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жоспарланған жобаға сәйкес жұмыстары жүргізіліп жатқандығын бағдарлады. Жылу маусымына дейін тапсырылған жұмысты уақытында аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Одан әрі Арал ауданындағы Ә.Нұрпейісов атындағы мұражайға соғып, жаңартылған экспонаттардың мән-мазмұнын көріп жоғары бағасын берді.
Халық қалаулылары сапар соңында ауданның даму қарқынының көш ілгері екендігін айтып, өңірдің өркенді істеріне сәттілік тіледі.