24
Тамыз

Санат жоқ 24.08.2015

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты А.Тұртаев іс-сапармен Қармақшы және Жалағаш ауданында болды

2015 жылдың 18 тамызы, «Ақ жол» ҚДП ҚОФ баспасөз-қызметі
Тамыздың 18 күні ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А.Тұртаев және бірқатар Сенат депутаттары іс-сапармен  Қармақшы ауданында болды.
Қармақшы ауданындағы сапары атылмыш ауданға қарасты Ақай елді мекеніндегі 280 орындық балабақшаның жұмысымен танысудан басталды. Сонымен қатар аудандағы «Жамал» қонақ үйі мен «Меруерт» сауда үйі сынды кәсіпкерлік нысандары да жұмыс жоспарынан тыс қалмады. Аталмыш мекемелер мен кәсіп иелерінің жұмыс орындарын аралап, қызметкерлерімен пікір алмасты.



Іс-сапар Төретам кентінің клубында өткен аудандық мәслихат депутаттарымен кездесумен жалғасын тауып, Қорқыт ата мемориалды кешенінің және зиярат ету орталығының жұмысымен танысумен жалғасты. Алмас Ұзақұлы қайта жаңғыртудан өткен мемориал құрылысының сапасына оң баға беріп, баба рухына тағзым етті. А.Тұртаевтың Қарамақшы ауданына сапары Жосалы кентіндегі жаңадан салынған мұражай мен кітапхана жұмысымен танысумен тәмәмдады. Мұражай экспонаттары мен ондағы тарихи құнды заттарының өңір тарихының тереңде жатқанының айқын айғағы екенін айтып өтіп, кітапханаға жастарды көптеп тартуды ұсынды. 
Ары қарай халық қалаулылары аудандарға іс-сапары Жалағаш кентінде жалғасын тауып, Жалағаш кентіндегі 200 орындық жаңа мектеп құрылысы мен қайта жаңғыртудан өткізіліп жатырған №246 орта мектептің жұмыстарымен танысып, құрылыс сапасына көңіл бөлінуін ұсынды.
Сонымен қатар, Ақсу ауылдық округіндегі мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының арқасында іске асып жатқан жаңадан салынған су айдау стансасының жұмыс сапасына жоғары баға берді. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағадарламаның халыққа шарапаты тиіп отқанына қуанышты екенін жеткізді.