24
Тамыз

Санат жоқ 24.08.2015

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

2015 жылдың 24 тамызы, «Ақ Жол» ҚДП АҚФ баспасөз-қызметі
Бүгін   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» ҚДП фракциясының  мүшесі Нұрлан Жазылбеков Алматы қаласында  бірқатар кездесулер өткізді. Таңертеңгісін халық қалаулысы ат басын Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасына бұрды.

 
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оңай тиіп отырған  жоқ.  Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеп беру үшін түрлі жұмыстар жасалуда. Бұл жағдайда отандық  шағын және орта бизнесті дамыту, оған қолдау көрсетіп  және бизнес жобаларды жүзеге асыруда әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында бірлесе қызмет атқару секілді бірқатар мәселелерді  депутат Н.Жазылбеков  Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасында көтерді.

Түс ауа депутат Нұрлан Жазылбеков «Ақ Жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының  ғимаратында өз сайлаушыларымен кездесті. Азаматтарды қабылдау барысында әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық  мәселелер бойынша  тиісті құқықтық кеңестер беріліп, қаралған мәселелер  бақылауға алынды.


<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->