Азат Перуашев: «Мемсараптама» РМК – әділетсіз бәсекелестіктің және нақты қызмет көрсету секторындағы жеке бизнесті тұншықтырудың көрінісі. «Ақ жол» Демократиялық Партиясы аталған кәсіпорынды Президент жариялаған жекешелендірудің екінші толқынына қосып, бәсекесі бар ортаға өткізуді талап етеді
25 қазан 2015 жыл, «Ақ жол» Демократиялық Партиясының баспасөз қызметі
«Мемсараптама» мемлекеттік кәсіпорнының қызметі – әділетсіз бәсекелестіктің және нақты қызмет көрсету секторындағы жеке бизнесті тұншықтырудың көрінісі – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Азат Перуашев мәлімдеді. Министр Ерболат Досаевтың атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында «Ақ жол» мемлекеттік кәсіпорынды Президент жариялаған жекешелендірудің екінші толқынына қосып, бәсекесі бар ортаға өткізуді талап етеді.
«Көптеген кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясына Сіздің министрліктің еншілес мекемесі тарапынан болып жатқан монопольдық жағдайын асыра пайдалануы және бұзуы жөнінде шағымдар жолдауда. Әңгіме «Мемсараптама» мемлекеттік кәсіпорны жайында. Бизнеске құрылыс нысандарын салуға сараптама қортындыларын беру жөнінде қызмет көрсете отырып, бұл мекеме өзінің осы саладағы жеке дара монополист екенін пайдаланып, шағын және орта бизнеске өзінің көрсеткен қызметіне тым жоғары баға қояды, ал ол, кей жағдайда милиондаған теңгеден асып кетіп жатады», - деп айтылған депутаттық сауалда.
«Ақжолдықтар» бұл жағдай ақылға сыймайды деп есептейді. Әсіресе елімізде ондаған сараптамалық қортынды беретін жеке ұйымдардың барлығын, олардың сарапшыларының қызмет көрсетуге қажетті ресми лицензиялары бар екенін ескерсек, аталған жеке жобалау ұйымдарында мұндай қызмет 3-5 есеге арзанға жасалады. Алайда жеке сараптау ұйымдары ГАСК басқармаларынан осыған байланысты тіркеуді ала алмай отыр. Бұл олардың жасаған қортындыларының заңдық күші жоқ деген сөз. «Мемсараптаудың» монопольдық жағдайы олардың лицензияларының да құнының көк тиын екенін де көрсетуде.
«Бұл жағдайда біз кезекті рет мемлекеттік кәсіпорынның бәсекелестік ортаға араласуын, жеке бизнесті қызмет көрсету саласында әкімшілік әдіспен тұншықтыруын көріп отырмыз. Экономиканы мемлекетсіздендіру проблемалары мен жеке кәсіпкерлердің құқығының бұзылуынан басқа, кез келген монополияның нәтижесі- бағаны орынсыз көтеру мен қауіпті жемқорлық жағдайының қалыптасуына әкеліп соқтырады», - деп мәлімдеді «Ақ жол» партиясының жетекшісі.
Ол сондай-ақ, «Ақ жолға» шағымданған кәсіпкерлердің мемлекеттік сараптаманың бағасын ғана емес, кез келген сараптаманы тез алуға болатын параның да нақты көлемін көрсеткенін айтып өтті. Пара бермеген жағдайда бітпейтін қиындықтардың алдарынан шыға беретіні де түсінікті.
Фракция депутаттарының пікірінше аталған проблема тұрғын үй құрылысы саласы жобаларының жүзеге асыруын ғана тежеп отырған жоқ. Ол өнеркәсіпке, инфражүйеге, ауылшаруашылығына және сауда нысандарына қатысы бар кез келген бизнеске тежеу болып отыр.
«Осыған орай, қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпкерлердің онсыз да қиын проблемасы тіпті тереңдей түсті», - деп атап көрсетті Перуашев.
Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы министрдің атына мынандай ұсыныстар жолдайды:
1.ГАСК мекемелері жанындағы жеке сараптау қызметтерін, оларға
берілген лицензияларын қайта тіркеуден өткізу;
2.Ұлттық Экономика Министрлігінің Құрылыс жөніндегі комитетін,
ТКШ мен жер ресустары басқармасын «Мемсараптау» РМК мекемесінің жарғылық капиталынан шығарып, жекешелендіру (Президент Н.Назарбаевтың жариялаған жекешелендірудің екінші толқынына байланысты тапсырмасына орай) мәселесін қарау және оны бәсекелестік ортаға беру.
3.Жекешелендіру мәселесі шешілгенше «Мемсараптау» мекемесін өзінің
қызметін аталған сектордағы ортанарықтық баға белгілеуге міндеттеу.
«Ақ жол» Домократиялық партиясының П
арламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және жеке бизнестің мүдесін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.