15
Қантар

Санат жоқ 15.01.2013

Жұмыспен қамтудың қазіргi саясаты көпшiлiгiнде формалды көрсеткiштерге бағытталған, кәсiпорындардың мүдделерінен тыс өмір сүреді және нақты жұмыс орындарын құруға ынталандырылмайды - Азат Перуашев

15 қаңтар, 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі 

Жұмыспен қамтудың бүгiнгi саясаты көпшiлiгiнде формалды көрсеткiштерге бағытталған, кәсiпорындардың мүдделерінен тыс өмір сүреді және нақты жұмыс орындарын құруға ынталандырылмайды,– бұл туралы өткен жұмада Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Серік Әбденовпен кездесуде Қазақстанның «Ақ жол»  Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.
Осы кездесу барысында Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары Азат Перуашев және Екатерина Никитинская министрлік басшысына «Ақ жол» партиясымен әзірленген жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi заң жобасын ұсынды. Қазақстандық демократтардың жетекшiсi атап көрсеткендей, заң жобасы  қазiргi кемшiлiктерді жойып және кәсiпорындар үшiн жұмыс орындарын құруға ынталандыруды көздейді.
«Бүгінге дейiн жұмыспен қамту мәселелерінде мемлекеттiк органдар үстем болып келеді, ал бұл процестен кәсiпкерлер қалай шығып қалған, оларға басқаның шешiмдерiн  орындаушының екінші дәрежедегі рөлi берілген. Біз, керісінше, кім жұмыс береді, сол осы саясаттың негiзгi бағыттарын анықтауы керек екеніне сенімдіміз»,- деп ескертті Перуашев.
Оның айтуынша, қалыптасқан қиғащтықтардың нәтижесінде «тiптi көкейкестi шаралардың өзі, тек қана қағаз жүзінде орындалады. БАҚ-да жаңа жұмыс орындарын құру үшін арналған қаражатты игеру, ал негізінде жай ғана – бөлісу үшін, аймақтардағы бизнесмендерге өз қызметкерлерiн жұмыстан шығарып және оларды бірден сол сәтте «жұмысқа орналастырылғандар» етіп көрсету үшін жұмысқа ресiмдеуді ұсынғандары туралы жариялынымдар болды», - деп ескертті ол.
«Ақ жол» партиясының пікірінше жұмыспен қамту Орталықтарының көбінің жұмыстарының тиімділігі өте төмен, олар формалды есеп берумен және хат алысумен көбiрек айналысады, мұндай орталықтар арқылы жұмысқа орналастыру, әдетте қысқа мерзiмдi және төмен еңбекақылы болып келеді. Беделді компаниялар онда кадрлар үшін хабарласпайды, ал сауатты мамандардың өздерi-ақ жұмысты бұл орталықтар арқылы iздеуге тырыспайды. Бюджеттік қаражат бөлінетін оқыту немесе жаңа мамандық беру бағдарламалары іс жүзінде көзалдауға әкелуі, мұндай оқытудан қызметкерлердің қандай «біліктілігі» туралы айтуға болады – деп есептейді ҚДП депутаттары.
Осы сала бойынша «Ақ жолдың» сарапшыларымен, ДСҰ-на және Еуроодаққа мүше-елдердің оң тәжірибесі зерттелген болатын онда мамандарға кәсіби талаптарды бекітуде, оларды дайындаудың  және оқыту орындарын белгілейтін бағдарламаларын, жұмыспен қамтуға мемлекетпен бөлінген қаражатты пайдалануда кәсіпорындардың жетекші рөлі ерекше өзгешелік болып табылады.
«Ақ жол» ҚДП әзірлеген заң жобасы осыған ұқсас бірқатар шараларды қарастырады: мәселен жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен кәсіби стандарттарын дайындау, кәсіпорындардың студенттердің және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының оқушыларының өндірістік практикаларына шығындарын субсидиялау, жас жұмысшылар мен мамандардың сынақ мерзіміндегі еңбекақысын субсидиялау, жаңа жұмыс бастаған қызметкердің сол кезеңде жеткіліксіз машықтануы себебінен кәсіпорын жабдықтарына келтіретін зияндары үшін жауапкершілігін сақтандыру.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу шеңберінде тендерге қатысушы- кәсіпорындар қызметкерлерінің жалпы саныдағы  ҚР азаматтарының үлес салмағының немесе осы кәсіпорындағы шетел мамандарының еңбекақысымен салыстырғанда ҚР азаматтары алатын еңбекақысындағы үлес салмағының критерилерін енгізуді және тағы басқаларды ұсынады.
Өткен талқылау бірқатар мәселелер жөнінде көзқарастардың жақындығын көрсетті. Сонымен қатар  кейбір ережелер, оның ішінде экономика министрлігімен және қаржы министрлігімен қосымша кеңестерді талап ететіні анық – деп атап өтті А.Перуашев.
«Біз ұсынып отырған жоба қайта қарау, түзету сатысында екенін және оған, меморгандардың өздерінің ескертулері және қосымшалары болатынын біз түсінеміз. Біздің міндетіміз – оның қабылдануын созбас үшін, жобаны Парламентке енгізгенге дейін мүмкіндігінше даулы сәттерді алып тастау» - деп қосты ол.
Азат Перуашев еңбек министрі Серік Әбденовке мазмұнды кездесу үшін, сондай өткір және пісіп жетілген мәселелерді ашық талқылауға ғана емес, әрі оларды бірлесе шешуді іздестіруде көрсетілген дайындығына алғысын білдірді.      
«Біздің заң жобасының басты міндеті жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру болып табылады, сонда жұмыссыздар уәде мен жауап хаттар емес, тұрақты жұмыс алады; ал кәсіпорындар кадрларды толықтыратын сенімді орын және олардың қажетті біліктілік деңгейіне жетуіне дейін мемлекеттік қолдау алады», - деп атап көрсетті демократтар көшбасшысы.
«Ақ жол» партиясы қатардағы Қазақстан азаматтарының мүдделері үшін жұмысын жалғастырады.