24
Қараша

Азаматтық қоғам мүшелерінің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды жүзеге асырудағы міндеттерін талқылау бойынша «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің Атырау облыстық коалиция мүшелері отырысы

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100нақты қадамы негізіндегі Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» мәселесін талқылау мақсатында «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалында Демократиялық күштердің облыстық Кеңесінің кезекті отырысы өтті.Оған 5 партиямен бірнеше қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Ұлттық жоспарды жүзеге асырудағы міндеттерді талқылады.

  Мұнда негізінен 100 нақты қадамның индустрияландыру және экономикалық өсім тарауы кеңінен әңгіме өзегі болды.Өңірдегі осы бағыттағы атқарылып жатқан игі істер туралы  Атырау облыстық Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Л.Жұмағалиева,Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы М.Такиев , «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Жәкиев таныстырып,сауалдарға тиянақты жауап берді.Отырыста «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Қ.Қосыбаев, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының төрағасы Е.Дәулетқазиев өз пікірлерін білдірді. Отырысқа шығарылған мәселе жан-жақты талқыланып,орынды да нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.