Қазақстанның «Ақ жол» партия делегациясы Туркиядағы билеуші «Ak party» Конгресіне қатысты
Ақ жол ҚДП-ның баспасөз қызметі,2015 жылдың 22 желтоқсаны
Үстіміздегі жылдың 18-22 желтоқсан аралығында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия делегациясы Түркиядағы билеуші «Ak party» шақырумен Анкара қаласында өткен Жастар қанатының 4-Конгресіне қатысты.
«Ақ жол» делегациясына партия төрағасының кеңесшісі Мақсат Жақау және Орталық кеңесінің мүшесі Азиз Қожамбетов кірді. Олар шетелдік іс-сапар барысында, шақырушы жақтың іскерлік бағдарламасы негізінде - Түркия Республикасының премьер-министрі қазіргі «Ak party» төрағасы - Ахмет Давутоғлумен, Анкара қаласының мэрі Ибрагим Мелих Гөкчекпен, партияның Жастар қанатының жетекшісі Абдурахим Бойнукалинмен сапалы да танымдық кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында әлемдегі өзекті мәселелермен қатар, геосаяси ахуалдардың бейбіт жолмен қарастырылатын шешімдердің оңтайлануына, партияаралық қарым-қатынастардың одан ары-қарай өркениетті даму бағытында тығыз саяси тәжірбиелік-ақпараттық алмасулардың тұрақты жүретіндігі туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Ak party басшылығының тарапынан Қазақстандағы саяси партиялардың даму үрдісіне, демократиялық-азаматтық қоғамдық ұйымдарының бастамалары мен халықтық жобаларына сәттілігін тілей отырып, Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының заңшығарушылық жұмысына, әсіресе - кәсіпкерлікті қолдау, сауда-экономикалық тұрақталу жүйесіне, өнеркәсіптік саланың нарықтық бәсекелесу үрдісін жасақтау мен мемлекеттік салықтық саясатындағы құқықтық-қоғамдық нәтижелі табыстарын жоғары бағалап өтті. Алдағы уақытта да, «Ақ жол» партиясына достық-әріптестік тілектестігін білдірді.
Анкара сапары барысында, «Ақ жол» партиясының өкілдері 30 мыңдық партия мүшелері мен қонақтар жиналған «Гранд Анкара Аренада» «Ak party» Жастар қанатының 4-Конгресінің сьезі 45 мемлекеттен келген саяси ұйымдардың 185 жуық делегаттардың қатысуымен салтанатты түрде ашылуымен жалғасты. Конгрес жиынында шетелден келген қонақтардың салтанатты сәлемімен, партияның күнтәртібіндегі тәртіптері қаралды.