08
Декабря

Құттықтаймыз! - Казакстан-Zaman

4 желтоқсан күні 'Ақ жол' партиясының дәстүрлі 'XXI ғасырдағы алаштың ақ жолы' байқауы мәреге жетті.
Осымен қатарынан төртінші жыл өткізіліп отырған байқауға биыл бес аталым бойынша PhD ғылым докторлары мен докторанттар, журналистер, жас талапкерлер қатынасты. Үш кезеңге бөлінген байқау шартынан мүдірмей өткендер, ақтық сайыста бақтарын сынады. 'XXI ғасырдағы алаштың ақ жолы' байқауында ('Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер') аталымы бойынша 'Алаш қайраткерлері және олардың сенімді серіктері' атты ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша газетіміздің жас тілшісі Елдос Тоқтарбай Бас жүлдені еншіледі.
Газет ұжымы атынан Елдосқа шалқар шабыт, қажымас қайрат, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз! Осылай газеттің абыройын аспандатып, ел мерейін көтеріп жүре бер демекпіз.
 
Источник - Казакстан-Zaman (Алматы), № 50-51 (1076), 10.12.2015