12
Қантар

Санат жоқ 12.01.2016

Мекемеаралық үкіметтік комиссия «Ақ жол» партиясы депутаттарының бастамасымен жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын талқылады

2016 жылдың 12 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Әділет министрлігінде мекемеаралық комиссия «Ақ жол» депутаттарының бастамасымен «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы» заң жобасын талқылады.
2015 жылы желтоқсанда, «Ақ жол» ҚДП фракциясы аталған заң жобасына  ипотекалық және несие төлеуге қабілетсіз азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп енгізген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы үкімет «Оңалту және банкроттық туралы» заңына «Ақ жол» депутаттары дайындаған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы бөлімді қосудан бас тартқан болатын. Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП Үкіметтің заң жобасын қолдамай және өз бетінше «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы» бөлек заң әзірлеу ниеті бар екенін мәлімдеген еді.
Фракция жетекшісі Азат Перуашевтың айтуынша «осы тәртіптерді енгізу мен дағдарыс жағдайында олардың жұмыс орындарын жоғалтқан панасыз адамдарға айналмауы мүмкін емес еді. Көп жағдайда олар мүмкіндіктерін есептей алмай банктерге қарыздарын төлей алмай қалды. Ия, қарызды қайтару керек, бірақ дағдарыс туды ғой, енді олардың отбасы мен балаларын далаға тастауға болма ма? Аш жалаңаш далада қалуға балалардың қандай кінәсі бар? Олардың тартып алынған баспаналарының орнына бастарына тым болмаса қандайда бір тұратын жер, ең құрығанда жатақхана және өмір сүруіне қажет аздаған қаражат қалдыру керек емес пе?»
2014 жылы қаңтарда «Ақ жол» депутаттары ағымдағы заңда жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы нормаларды енгізу қажеттілігі туралы ұсынысын Үкіметке жіберді. Сол жылы, «Ақ жол» ҚДП фракциясы ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмыс жоспарына «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» өз заң жобасын енгізу туралы талап қойды.
Азат Перуашев заң жобасының өзектілігі жөнінде Мекемеаралық Комиссияда сөйлеген сөзінде 2015 жылы 30 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Үкіметке берген тапсырмасында «...жеке және заңды тұлғалар үшін банкроттықтың қарапайым және түсінікті тәртібін әзірлеу. Оны жеңілдету мүмкін болуы тиіс» дегенін атап көрсетті.
Аталған заң жобасын талқылау барысында бірқатар министрліктердің өкілдері заң жобасының жеке кәсіпкерлікке таңудың тиімді емес екендігін, азаматтардың банкротқа ұшырау істерін сотта қарағанда жұмсалатын бюджеттік шығындар жөнінде, қарыздар адамның мүлкін пайдалану мәселелері жөнінде өз пікірлерін айтты.
Қаржы Вице-министрі А.Теңгебаев мүдделі органдармен бірге Қаржы Министрлігінің бірлескен жұмыс тобының құрылғандығын және 2017 жылы қабылдануы мүмкін осындай заң жобасын дайындап жатқандарын мәлімдеді.
«Егер Парламент депутаттары заңнамаға өздерінің түзетулерін үш жылдан бері енгізе алмай келсе, сіздер ұсынылған депутаттық сауалды бұғаттап, бізді бірде бір жұмыс тобының кездесуіне шақырмаса, онда қандай мүдделі органдар туралы айтуға болады? Талқылау неге депутаттардың, сонымен бірге ипотека алушылар мен үлесшілердің қатысуынсыз жабық өтеді? – деді Азат Перуашев. – Біз,  бұл мәселені әрі қарай созуға болмайды деп есептейміз. Егер оларды далаға тастасақ, алдағы екі қыста олардың балалары қалай аман қалады? Біз қазірдің өзінде заң жобасын дайындадық және оны енгіздік. Мен аталған құжатты негізге алып «Ақ жол» мен Қаржы министрлігі бірлесе отырып жұмысты жалғастыруды және бұл құжаттың тартпаларда қалып қоймай қабылдануын ұсынамын».
Іс жүзінде барлық Министрлiк және Мекемеаралық Комиссия мүшелері Мәжіліс пен Сенаттың өзекті мәселелерімен келісті.  
Қайта қараудың нәтижесінде, Мекемеаралық Комиссия өз мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасын аяқтау туралы, сондай-ақ, мемлекеттен бөлінетін қаржының көбеюін көздейтін Республикалық бюджеттік комиссия ережелеріның отырысында қарастыруға шешім қабылдады.
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы өзінің сайлауалды тұғырнамасы мен қазақстандықтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.