12
Қантар

Санат жоқ 12.01.2016

«Ақ жол» партиясы депутаттарының араласуымен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласындағы бір көшенің сумен жабдықтау мәселесін 2016 жылдың бірінші тоқсанында шешуге уәде берді

2016 жыл 12 қаңтар, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
2015 жылы желтоқсанда «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевтың атына Риддер қаласы «Айналма» көшесінің тұрғындарынан көшені сумен жабдықтау және жол салу мәселесі бойынша ұжымдық шағым келіп түскен.
 «Жай ғана ауыз су біз үшін шешілмейтін мәселеге айналған. Ең жақын су құдығы бір шақырымдай. «Ақ бұлақ», «Шағын қала» бағдарламалары біздің көшені айналып өткендей. Біз ұзақ уақыттан бері мемлекеттік органдардың есігін қағумен болдық, бірақ одан еш пайда болмады», -делінген шағым хатта. Көше тұрғындары сонымен қатар жолдардың жөндеудің сапасыздығы және оларды қаламен байланыстыратын теміржол өткелінің мәселесін де көтеріп отыр.
Осыған орай, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сұрау жолдады.
Кеше ШҚО әкімдігінен келген жауап хатта депутаттардың хатына байланысты Риддер қаласы әкімінің орынбасарының қатысуымен, прократура қызметкерлері, ОІІ, ҚТЖ қызметкерлерімен және аталған көше тұрғындарымен көшпелі жиын өткізгені белгілі болды.
 «Айналма» көшесі бойынша сумен жабдықтау желілерін төсеу жұмысын бюджет есебінен орындау қазіргі уақытта мүмкін емес екендігі, көше тұрғындарының ұсынысымен демеуші тартып су ұңғымаларын салу ұсынылған. Демеуші «Казцинк» ЖШС-ынан қазірдің өзінде 350 мың теңге аударылған. Қалған сома (450 мың теңге) аталған көше тұрғындарының санына қарай бөлінетін болады. Қазіргі таңда су ұңғымасын бұрғылау жұмысы басталып кеткен. Су ұңғымасы жабдығын орнату жұмыстарын 2016 жылдың бірінші тоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  
Сонымен қатар хатта, Риддер қаласы «Айналма» көшесі тұрғындарын қаламен байланыстыратын теміржол өткелінің қалпына келіп, жұмыс істеп тұрғаны айтылған.
Сонымен бірге, келіп түскен жауап хатта жол участогі, ондағы сапасыз жөндеу бойынша Риддер қаласы тұрғындарының шағымы «2016 жылы жаз айларында қайта қаралатын болады, бүлінген жағдайдағы жөндеу жұмыстарын мердігер өз қаражатымен қалпына келтіреді», деп көрсетілген
«Ақ жол» ҚДП және оның Парламенттік Фракциясы өзінің сайлауалды тұғырнамасы мен Қазақстандықтардың мүддесін қорға жұмыстарын жалғастыра береді.