Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліске кезектен тыс сайлау 2016 жылдың 20 наурызына бекітілді.
Айта кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды Қазақстан Президентінен сұрады және кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді.
18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізген еді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты.
Толығырақ: kaz.tengrinews.kz