21
Қантар

Санат жоқ 21.01.2016

Ел болам десең, бесігіңді түзе

Тектілігі тереңнен тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай баланың бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық маңызы зор.

Балаға ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлты мен ұлты мен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару тек ата-анаға ғана емес бүкіл ұлтымыздың басты мақсаты болуы тиіс.

Бұл құндылықтардың бастау көзі тек халықтық тәрбие беру тәсілдерінде екені рас. Ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан мол мұраларымыздың құндылығына ешкім дау айта алмасы анық. Адам баласы қоғамда адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Мінез-құлқының тәрбиесімен бірге білімді ұштастыра алғанда елге пайдалы азаматтардың қатары көбейеді.

Қазіргі заманы адамын өзгерткен мына қоғамда кешегі кемеңгерліктің куәсі болған ата-әже тағылымын бойына сіңірген ұрпақ-ты қаншалықты дәрежеде көреміз? Міне, осы сұрақ маңызды! Осы орайда  «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы бүгін арнайы акция өткізді. Партия өкілдері арнайы мамандандырылған 'Болашақ' мектебінің 3 сынып оқушыларына және сол аталмыш мектептің балабақша бүлдіршіндеріне қазақтың 1200 ән-жыр, ертегілері жүктелген саз - әуенді киіз үйді тарту етті. Бүлдіршіндерге сыйлықты филиал төрағасының орынбасары Ерлан Ақжолов пен жастар қанатының жетекшісі Назерке Шарападдин табыстады