«Ақ жол» Демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау алды конференциясы өтті
29.01.2016ж. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды конференциясы өтті.
Конференцияның күн тәртібінде:«Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-інші шақырылымдағы атқарған жұмысы талқыланып, 20 наурызда өтетін Мәслихат депутаттарына үміткерлерді ұсынды. Сонымен қатар 3 Ақпанда өтетін Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының XIII cъезіне делегаттарды сайлады.
Шығыс Қазақстан филиалы төрағасының орынбасары Сұлтанов Бүркітбай баяндама жасап, партия белсенділерін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жасалған медалімен марапаттады. Конференция барысында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Орталық Кеңесінің мүшесі Рахимбердин Куат және Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Семей өңірінің төрағасы Рахат Алтай маслихат депутаттарына үміткерлерді тіркеу және сайлау барысында қандай жұмыс атқару керектігін баяндады.