06
Ақпан

Санат жоқ 06.02.2016

«Ақ жол» партиясы азаматтарды қабылдады



2016 жылы 5 ақпанда «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаттары Нұрлан Жазылбеков және Меруерт Қазбековалар партияның орталық кеңсесінде бір топ азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген зейнеткер Қорған Әмірхамзин  сыбайлас жемқорлық мәселесін айтса, Баян Постовая жалғыз өзі мүгедек ұлымен  және үш немересімен шарт-жағдайы жоқ барак үйде тұрып жатқанын, бірнеше жылдар бойы негізсіз себептермен кезекке тұра алмай келе жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, әйел кәсіпкерлер тобы шағын және орта бизнестегі қордаланған мәселелерін айтты және бірнеше азамат өздері шешім таба алмаған түрлі сұрақтары бойынша шағымдарын ортаға салды.

Азаматтарды мұқият тыңдаған  «Ақ жол» партиясының жетекшісі мен экс-депутаттар барлық сұрақтардың шешімін табуға әрекет ететіндерін жеткізді.