06
Ақпан

Санат жоқ 06.02.2016

А.Перуашев: Қазақстанда табылған қаражат республиканың экономикасына жұмыс істеуі керек

Қазақстанда табылған ақша, біздің елде жұмыс істеуге қалып, республика экономикасының өркендеуіне күш салуы керек. Бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.


Фото: news.caravan.kz

«Қазақстан Президентінің Жолдауында өзіме таныс бірнеше мәселені көзім шалды. Біріншісі, Ұлттық банктен БЖЗҚ міндетін алуда. Біздер Ұлттық банктің болашақ зейнеткерлердің қорларын қалай басқарғандарын көрдік, қаражатты банктерге бөліп берді, ал олар өздерінің тиісінше сол қаражаттарын қолданды. Айта кететін жай, біз өзіміздің депутаттық өтінішімізде ҚР Ұлттық қорының міндетіне орай БЖЗҚ басқармасын қайта құруды ұсындық және бұл жөнінде Мемлекет басшысы айтып өтті. Мен оған қатты қуаныштымын», - дейді ол.
Мемлекет басшысы көп жылдар бойы өткізіп келе жатқан бірыңғай тұжырымдамалық саясатына сүйене отырып, «Ақ жол » партиясы Қазақстанда табыс тауып, елімізде жұмыс істеп, республиканың экономикасын нығайтуға еңбек ету керектігін айтып өтті.
«Табылған табыс тиімді болып, қосымша құн қосып, біздің елімізде қалуы керек. Егер кәсіпкер адал түрде табыс тапса, ешқайсымыз оның шығынына шектеу қоя алмаймыз. Бірақ, барлығымыз көріп отырғандай, әлем бойынша кіріс төмендеді, инвестициялар күрделенді. Сол себепті, басқа мемлекет сияқты біздің еліміз де жақсы табыс таба алады. Бір ғана мәселе – көп қаражаты барлар елден кетіп жатады. Алайда, Президент заңдастырғаннан кейін ол адамдарға күзет құжаттарын беріп, олардың қаржатына ешкім көз салмайтынын айтты», - дейді А.Перуашев.
Естерінізге сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мемлекет басшысы 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауында құқықтық айналымының меншік пен ақша қаражатын қайтару үшін қосымша ынталандыру қабылдағандығын айтып өтті.

Дерек көзі - bnews.kz