Бүгін Алматыда Еуразия Технологиялық Университетінің жиын залында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш жиында көтерілген мәселе Қазақстандағы демократиялық күштерді дамыту және алдағы сайлау науқанында жастардың белсенділігін арттыру. Келелі шараға «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», Қазақстан Коммунистік Халық партиялары қатысты.