15
Ақпан

Санат жоқ 15.02.2016

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңес Төралқасының мүшелері жас кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін  «Ақ жол» Демократиялық партиясы жас кәсіпкерлер мен  ірі бизнес өкілдерінің басын қосып, іскерлік кездесу өткізді. Кездесу аясында ірі  бизнес өкілдері қатысушы жастарға дағдарыс  кезіндегі  белең алған экономикалық жағдайларға байланысты қалай әрекет ету туралы өз кеңестерін ортаға салды. 

Пікір алмасу барысында өкілдер жас кәсіпкерлердің бизнес бастаудағы алғашқы қадамды қалай басу керектігі жөніндегі сұрақтарына жауап береді.
 
Жас кәсіпкерлермен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаттары Нұрлан Жазылбеков және Светлана Қадралиева, сонымен бірге, «ФОРПОСТ Инвестиции и развитие» ЖШС-ның директоры Андрей Линник және «КазАвтобусПром» ЖШС-ның директоры Дмитри Васильевтар қатысты. 


Бұл іскерлік кездесуде қатысушы өкілдер жас кәсіпкерлермен бизнестегі іс – тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі жағдайға байланысты  сараптамалық пікірлерін білдірді.

 «Ақ жол» партиясы әрқашан Қазақстанда бәсекеге қабілетті нарықтық экономика құрып, шағын және орта бизнесті толық қолдау саясатын жүргізеді.

Бұл стратегиялық мақсатты табысты жүзеге асыру үшін «Ақ жол» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасындағы мақсаттарында іске асыру шараларын белгілеген.  Атап айтқанда, қолданыстағы салықтық, әкімшілік және инвестициялық заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсыну және жеке бизнестің белсенділігін ынталандырып, әсіресе олардлың экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға өздерінің іскерлік мүмкіндіктерін кеңейту талқыға салынды. 

«Ақ Жол» ҚДП

Алматы қалалық филиалының

Баспасөз қызметі