16
Ақпан

Санат жоқ 16.02.2016

Жас кәсіпкерлерге кеңес берді



«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Алматы қаласының жас кәсіпкерлерімен кездесіп, әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында кәсіп иесі нендей тетіктерге сүйену керектігі жөнінде кеңес берді.

«Ақ жол» демократиялық партиясыЖас кәсіпкерлермен кездесуге Парламент Мәжілісінің экс-депутаттары Нұрлан Жазыл­­бе­ков пен Светлана Қады­р­а­лиева, «ФОРПОСТ Инвести­ции и развитие» ЖШС-нің дирек­торы Андрей Линник, «КазАв­то­бусПром» ЖШС-нің директоры Дмитрий Васильев қатысты.

Іскерлік кездесуінде партия өкілдері мен отандық нарықта ісін ілгері жүргізіп отырған бизнесмендер жас кәсіпкерлерге бүгінгі жағдайда кәсіпті сақтап қалу және ілгері дамыту жолдарын айқындайтын сараптамалық кеңестер мен іс жүргізу шебер­ліктерін ортаға салды.

Баршаға ортақ стратегиялық мақ­саттарды табысты жүзеге асы­ру үшін «Ақ жол» пар­тиясы өзінің сайлауалды тұғыр­нама­сында қамтылған көп­теген экономикалық заң жоба­лары­ның қабылдануына күш салумен қатар, қоғамда кәсіптік сауат­тылықтың артуына жаңа леп қосатындықтарын жеткізді. Пар­тия қолданыстағы салықтық, әкім­шілік және инвестициялық заң­намаларға бірқатар өзгеріс­тер енгізуді ұсыну және жеке бизнестің белсенділігін ынталан­дырып, олардың экономика мен әлеуметтік саланы дамытуы­на іскерлік мүмкіндіктер туғызу жолдарын кеңейтуге баса назар аударатындықтарын айтты.

Кездесу барысында кәсібін жаңа бастаған жастар мен ірі кәсіпорын басшылары өзара пі­кір алмасып, дағдарыс жағ­дайында шешім қабылдау мен істі жоспарлау тетіктерінің қыр-сырын сөз етті.

Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ.

Дерек көзі - egemen.kz