18
Ақпан

Санат жоқ 18.02.2016

«Ақ жол» ҚДП кезекті қоғамдық қабылдауы кәсіпкерлердің мәселесіне арналды

2016 жыл 18 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 «Ақ жол» ҚДП кезекті қоғамдық қабылдауы кәсіпкерлердің мәселесіне арналды. Азаматтарды «Ақ жол» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер партияның орталық кеңсесінде қабылдады. Қазақстанның әр өңірінен келген кәсіпкерлер өздерінің көкейтесті мәселелерін ортаға салды.

Көкшетаулық «Жекебатыр» ЖШС-ның жетекшісі Н.Дюсембаев сот органдарына қанша шағымданып, нәтижелі жауап таппаған соң «Ақ жол» партиясына келген.  Оның айтуынша «БТА Банк» АҚ-ның заңсыз әрекетімен 226 млн.теңгеге берешек болып қалған. Осыған байланысты «Жекебатыр» ЖШС сот органдарына неше рет шағым түсірген. Кәсіпкер сот орындаушылардың шешіміне, сондай-ақ, Ішкі істер органының банк басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғамаған әрекетсіздігіне келіспейді.

«Инженерно-сервисная компания» ЖШС өз иелігіндегі «Юго-Восток»  «тұрғын үй кешені жеке тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша құрылымдарын нығайту үшін мердігерлік жұмыстарға арналған байқауының заңсыз хабарландыруына байланысты мәселемен келген. Конкурс өткізген кезде, бір нысанға екі бірдей бас мердігердің жұмысын жүзеге асырған және иесіне қысым жасаған. Бұл ҚР қолданыстағы азаматтық заңнамасына қайшы. 

Қарағанды облысы Саран қаласынан келген жылу энергиясын өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер Шагиров жылу беру маусымына нысандарды дайындауда шағын бизнесте кездесетін (жергілікті шенділердің бюрократиялық қарым-қатынасы, қудалауы сынды) бірқатар мәселелерін ортаға салды.

 «Товарная биржа Каспий» АҚ-ның өкілі Е.Набергалиев ҚР Энергетика Министрлiгiнiң биржаның клиенттерiнiң қызығушылықтарына қысым жасау қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтарға байланысты мәселесін айтты.

 (Көкшетау қаласындағы «Европласт»ЖШС, Қостанайдағы «Пласт окна» ЖШС, Семейдегі «Деревянкин И.В.» ЖК, Ақтөбелік «Анеском» ЖШС, Қарағандылық «Аитком» ЖШС,  Қостанай қаласындағы «Ищанов» ЖК) секілді бір қатар кәсіпорындардың мүддесін қорғайтын заңгер, - «Павлодар Пласт Комплект» ЖШС-ның сома аударымдарындағы қосылған құн салығы мен ұжымдық табыс салығы мәселесі бойынша қолдауды сұрайды. «Павлодар Пласт Комплект» ЖШС алғашқы тіркеуді алып тастаудың нәтижесінде аталған кәсіпорынның адал мердігерлік заңды мүддесі бұзылған. Бұл мысал адал салық төлеушілердің заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты мәселе. 

Мектеп асханасын, аурухана, жедел жәрдем станцияларында, әскери бөлімдерде және басқа да мемлекеттік мекемелерден жалға алған 200 ден аса кәсіпкер ҰКП –на шағымданды.

2015 жылы 17 наурыздағы Ұлттық Экономика Министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік меншікті жалға берудің жаңа ережесіне байланысты, жалдау ақысы бірнеше есеге ұлғайған.

23 маусымда Ережеге өзгерістер енді. Нәтижесінде барлық мемлекеттік меншікті жалға алушылардың мөлшерлемесi аумақтық орналасу бейiмдiлiк есебiнен жеңiл-желпi төмендетiлген.

Олардың ішінде төмендегідей мысалдар бар:

Жеке кәсіпкер Бижанов Алматы қалалық №12 ауруханада аумағы 249,2 шаршы метр асхананы жалға алған. 2015 жылы жылдық жалдау ақысы 222 261,48 теңгені құраған. Ереже қабылданған соң, жылдық жалдау ақысы 5 041 018,8 теңгені құрады. Сонда жалдау ақысы 22 есеге өскен. 2015 жылы 23 маусымда ережеге өзгерістер енген соң жалдау ақысы 3 360 679,20 теңгені құрады. Жалдау ақысы 15 өсеге өскен.

Жеке кәсіпкер Аманжолова Алматы қалалық №4 клиниканың асханасын жалға алған.

186,4 шаршы метр аумақты жалға алғандағы жылдық жалдау ақысы 2015 жылы 129 305,68 теңгені құраған. Ереже қабылданған соң жылдық жалдау ақысы 3 740 628,6 теңге көлемінде болған. Сонда 28 есеге өсіп отыр. 2015 жылы 23 маусымда ережеге өзгерістер енген соң жалдау ақысы 2 493 752,40 теңгені құрады. Жалдау ақысы 19 есеге өскен.

Бұл нысанның жұмыс кестесі 09.00 ден 18.00 ге дейін. Демалыс күндері бар. Асханаға келушілер бюджет қызметкерлері, алкогол мен темекі өнімдерін сатуға және қосымша кіріс табуға байланысты банкеттер мен іс-шаралар өткізуге рұқсат берілмейді.

Қазіргі таңда жалдау ақысын төлеу мәселесі 2015 жылдың 17 наурызынан 23 маусымға дейін шешімін таппады. Ережеге өзгеріс енгізілген күн көрсетілмеген.

Алматы қалалық қаржы басқармасы тарапынан кәсіпкерлердің мекен-жайына күнделікті хабарлама келіп түсіп отырады. Жаңа ставкамен жалдау келісімшартының талаптары бойынша наурыз бен маусым аралығындағы жалдау ақысы жоғарғы ставкамен төленеді. (бұл деген миллиондаған сома), ал күшіндегі келісімшарттың мерзімі 31 желтоқсанда ғана бітеді.

Бүгінгі күні ҚР ҰЭМ бұл жағдайды шешу үшін ешқандай әрекет қолданған жоқ. Ал кәсіпкерлер «қарыз» болып қалғандықтан жаңа тендерлерге қатыса алмай отыр.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП тіркеудің күшін жою туралы талап-арыз дайындауды жоспарлап отыр. 

Әр бір түскен шағымдардан Бас прокуратураға, жауапты мемлекеттік органдарға хаттар дайындалу үстінде.