«Ақ жол» отандық көлік өндіру кәсіпорынның жұмысымен танысты.
2016 жыл 22 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің Депутаттығына үміткерлер Алматы қаласындағы «Вираж» автокөлік холдингі ұжымымен кездесті. «Ақ жол» партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасында көрсетілген орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту бойынша кәсіпорын жұмысымен танысты. Аталмыш кездесу барысында партия жетекшісі Қазақстанда өндірілетін автокөліктерді шығару барысымен танысып, кәсіпорынның бірқатар қордаланған мәселесіне құлақ асты. Аталмыш кәсіпорынҚазақстан автокөлік нарығында 20 жылдан астам уақыт тұрақты жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіпорында 200- ге жуық адам жұмыс істейді.
«Қазіргі дағдарыс жағдайында Отандық өнім өндіретін кәсіпорындарды қолдап, экономикамызда олардың үлесін барынша арттыруымыз керек», - деді «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев.
«Ақ жол» партиясы Қазақстан кәсіпкерлерінің мүддесін белсенді түрде қорғайтынын айтты.