Коммуналдық сала кәсіпорындарының шексіз қалыптасып жатқан шығындарының орнына «Ақ жол» партиясы экономикалық тиімділік принциптеріндегі мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа моделін ұсынады
23 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз-қызметі
Коммуналдық сала кәсіпорындарының шексіз қалыптасып жатқан шығындарының орнына «Ақ жол» партиясы экономикалық тиімділік принциптеріндегі мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа моделін ұсынады – осы туралы Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Премьер-министрдің атына жіберілген «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асуындағы қиындықтары туралы айтылған.
Фракция депутаттарының пікірінше, аталмыш бағдарлама бойынша бөлінген қаражат, кейбір жағдайларда тиімсіз қолданылып жатыр, «оның негізі сумен жабдықтау жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың басымдылығымен, олардың жеке экономикалық көрсеткіштеріне емес, мемлекеттік қаржыландыруға бағытталғандығымен байланысты». Жобаға милиондаған қаражат құйылса да, бюджеттік қаражат құю мен соңғы нәтиженің арасындағы тікелей өзара байланыстың жоқтығы салдарынан су құбырлары желісін жөндеу немесе оның құрылыс жұмыстары ойдағыдай қабылданып, бірақ ауылдардың ішіне су жетпеді деген жағдайлар орын алады.
«Сумен жабдықтау элементтерінің барлығын (құрылыс жүргізу, пайдалану, кызмет көрсету және жөндеу) тек қаражатты толығымен игеруді ғана емес, сонымен бірге оның соңғы нәтижесіне, яғни халықты сумен шынайы қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай операторларға тапсыра отырып, қаржылық ресурстар мен тәжірибелік қайтарымы арасындағы пайда болған алшақтықты жоя алады» - деп сауалда көңіл бөлінген.
Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылымға инвестициялар әрдайым ұзақ мерзiмдi және МЖС шеңберіндегі тиiстi мемлекеттiк саясатсыз рентабельділікке шығуға қабiлетсiз. Үкіметпен мұндай нысандарды іздеу бойынша, мысалы, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында 2011-2020 жылдарға жұмыстар жүргізілуде, оған сумен жабдықтау кәсiпорындарының жатқызылуы да ойға қонымды.
Егер сумен жабдықтау кәсiпорындарына, шығындарын тегін қаржыландырудың орынына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың Бағдарламасына ұқсас шарттарымен (0,1 %-ға) ұзақ мерзiмдi несиелер берiлсе, онда бүгінгі таңдағы жұмыстарға және қызмет көрсетуге шығындарды жасанды көтермелеу олар үшін тиімсіз болар еді – дейді «Ак жол» депутаттары. - Мемлекет сонысымен, экономиканың бұл секторы бойынша бюджет қаржыларын тиімсіз және мақсатқа сай емес пайдалану қауіпін болдырмайды және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бара-барлық деңгейде жағдай жасайды.
Сонымен қатар, көрсетілген Жолдауда Мемлекет Басшысымен Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің (МЖС) жаңа үлгісін қалыптастыру туралы мәселесі тікелей қойылып отыр. Депутаттың ойынша, мұндай серіктестің қағидаты мемлекеттік қаржыландырудан нарықтық жағдайдағы жеке бастамашылықты қолдауға көшу болуы тиіс. Дәлел ретінде Н. Жазылбеков Президент Жолдауынан дәйексөз келтірді: «Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет.Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам».
Салаларды экономикалық тиімділік қағидаларындағы (шығындарды шексiз қалыптастыру орнына) жаңа үлгілік мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктікке көшірудің ең маңызды нәтижелерінің бiрi кәсiпорындарды жаңа технологиялық базаға өтуге нақты ынталандыру болады. Бұл жағдайларда кәсіпорын-заемшылар жалғыз - ұзақ мерзiмдегi шығындарды төмендету және жаңа технологияларды енгiзу жолымен жүруге мәжбүр болады дегенге «Ак жолдықтар» сенімді. Сонымен бірге, мемлекетте кредит берудiң мерзiмдері және мөлшерлемелерін басқару есебiнен тарифтерді реттеудің әкiмшiлiк емес, нарықтық тетiгі пайда болады.
«Ақ жол» партиясы сайлау алдындағы платформасын және сайлаушылар тапсырыстарын орындауын іске асыру бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.