25
Ақпан

Санат жоқ 25.02.2016

«Ақ жол» партиясы ауруханалар мен мектеп асханаларын жалға алушыларды қорғайды

2016 жыл 24 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
 
18 ақпан күні мектептер мен аурухана асханаларын жалға алған Алматылық ондаған кәсіпкер партияның қоғамдық қабылдауында болып, шағымдарын жеткізді.
2015 жылы наурыз айындағы Экономика Министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа Ережеге сәйкес мемлекеттік меншікті жалға алу ақысы бірнеше есеге артқан болатын. Маусым айындағы кәсіпкерлердің шағымдануына қарамастан, жалдау ақысының өсу деңгейі сақталып қалды.
Жеке кәсіпкер Бижанов Алматы қалалық №12 ауруханасының асханасын жалға алған. 2015 жылы жылдық жалдау ақысы 222,2 теңгені құраған. Ереже қабылданған соң, жылдық жалдау ақысы 5 млн. теңгеге жетіп,  жалдау ақысы 22 есеге өсіпті. 2015 жылы 23 маусымда ережеге өзгерістер енген соң жалдау ақысы 3,4 млн. теңгені құрады. Жалдау ақысы 15 өсеге өскен
Жеке кәсіпкер Аманжолова Алматы қалалық №4 клиниканың асханасын жалға алған.
Жылдық жалдау ақысы 2015 жылы 129,3 теңгені құраған. Ереже қабылданған соң жылдық жалдау ақысы 3,7 млн.теңге көлемінде болған. Сонда 28 есеге өсіп отыр. Маусымдағы ережеге өзгерістер енген соң жалдау ақысы 2,5 млн.теңгені құрады. Жалдау ақысы 19 есеге өскен.
Алматыдағы басқа да ауруханалар мен мектеп асханаларындағы осыған ұқсас мысалдар келтірілді.
Сонымен қатар, асханаға келушілер бюджет қызметкерлері болғандықтан, алкогол мен темекі өнімдерін сатуға және қосымша кіріс табуға байланысты банкеттер мен іс-шаралар өткізуге рұқсат берілмейді.
Алматы қалалық қаржы басқармасы тарапынан кәсіпкерлер 2015 жылы наурыздан бастап жалдау ақысын жаңа мөлшерлеме бойынша төлеу және келісімшартқа қайта отыруды талап еткен хабарлама алған.
Әрине, бұл жаңа бағалауға көшкеннен кейін аурухана асханасына келушілер мен басқа да бюджет қызметкерлері үшін тамақтанудың қымбаттауына әкеліп соғады.
Сонымен бірге, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ҚР ҰЭМ -ның Бұйрықты дайындауда ешқандай есептеу жүргізбегеніне, тіпті мұндай шешім үшін заң талап ететін әлеуметтік-экономикалық сараптау жасамағанына прокурорлық тексеру жүргізу мәселесін көтереді.
 «Ақ жол» партиясына шағымданған кәсіпкерлердің сөзіне қарағанда, бұндай жағдайда олар мұндай асханаларды жалға алып, қарыз болып қалуына байланысты алдағы тендерлерге қатысу мүмкіндігінен айырылатын көрінеді. 
Осыған орай, «Ақ жол» партиясының жетекшісі А.Перуашев Ұлттық Экономика Министрі Е.Досаевтың атына осы мәселелерді реттеу туралы хат жолдады.

 «Ақ жол» партиясы өзінің саяси бағдарламасы мен қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.