25
Ақпан

Санат жоқ 25.02.2016

«Ақ жол» кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын партия

«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» ҚБ ОҚОФ төрағасы А.Орман облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің» мәжіліс залында өтті, кездесуге 400-ге жуық адам қатысты.
А.Орман қала тұрғындарын «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып: «Біздің партияның негізгі құндылықтары – либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандығы, этностар мен діннің тең құқықтылығы – біздің бағдарларымыз болып қала береді» - деді.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде «Ақ жол» партиясының нағыз халықтық партия екендігін айтып өтіп, ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған елеулі еңбектерінен бірнеше мысалдар келтіріп өтті: «Елбасымыз шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі жөнінде әрдайым айтып отырады, ал «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерді қорғаушы бірден бір партия. Сайлауалды бағдарламасында бұл бағытта арнайы бөлім – бизнесті қорғау және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру депаталады. Қазір елімізде 3 миллионға жуық бизнес өкілдері бар. Кәсіпкерлікті дамытсақ, сөзсіз жұмыссыздық мәселесін де шешеміз, елімізді отандық өндіріспен қамтамасыз етуде де жетістіктеріміз көбейетін болады. Кәсіпкерліктің емін-еркін аяқтан тұрып, дамып кетуіне қолайлы жағдай жасап, 3 жыл мораторий жариялауға қол жеткізу де «ақжолдықтардың» жетістігі» - дей келе басқа да бұқара халыққа жағымды жұмыстарын атап өтті.
Кездесуге келген жұрт қазіргі нарықтық жағдайға байланысты, тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету тағы басқа да әлеуметтік жағдайларға қатысты сұрақтар қойды. Сұрақ-жауаптан соң, тұрғындар арасынан «Ақ жол» партиясының жұмыстары көңілге қонатындығын айтып алғыс айтқандар болды.