Еуропадағы Қауыпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының Сайлауды бақылаушыларымен кездесулер
Бүгін «Ақ жол» партиясының Алматыдағы сайлауалды штабына Еуропадағы Қауыпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының Сайлауды бақылау миссиясының өкілдері келді. Аталған ұйымның бақылаушылары – Франциска Бест пен Александр Андерсон «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Д. Васильевпен кездесу өткізіп, еліміздегі сайлау барысына байланысты пікір алмасты.
Сондай – ақ, осы ұйымның бақылаушылары Қызылорда облыстық филиалы штабында болып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып, «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат А. Тұртаевпен сайлау барысы жайлы сұхбат құрды.