29
Ақпан

Санат жоқ 29.02.2016

'Ақжолдықтар' Оңтүстік Қазақстан тұрғындарымен жүздесті

22.02.2016ж.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының тізімімен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер, ұлттық зерттеу институтының директоры Б.Нұрмұхамедов Оңтүстік Қазақстан облысындағы іс сапарын облыс орталығы Шымкент қаласынан бастады. Ол «Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар» колледжінде қала тұрғындарымен кездесті.  Кездесуде  Б.Нұрмұхамедов партияның сайлауалды бағдарламасымен көпшілікті таныстырып өтіп,  кездесуге қатысқандардың әлеуметтік, нарықтық, қазіргі әлемдік саяси мәселелер туралы  сұрақтарына жауап берді.
 

23.02.2016ж.
«Ақ жол» партиясының Президиум мүшесі, ұлттық зерттеу институтының директоры  Б.Нұрмұхамедов Төлеби ауданы Көксаек елді мекеніндегі аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді.  Аурухана ұжымы үлкен, 200-ден аса білікті дәрігер-мамандар жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Кездесу барысында Б.Нұрмұхамедов «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен бірге қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайларға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
 
 
24.02.2016ж.
«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» ҚБ ОҚОФ төрағасы А.Орман облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің» мәжіліс залында өтті, кездесуге 400-ге жуық адам қатысты.
 
А.Орман  қала тұрғындарын «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып: «Біздің партияның негізгі құндылықтары – либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандығы, этностар мен діннің тең құқықтылығы – біздің бағдарларымыз болып қала береді» - деді.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде «Ақ жол» партиясының  нағыз  халықтық партия екендігін айтып өтіп, ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған елеулі еңбектерінен бірнеше мысалдар келтіріп өтті: «Елбасымыз шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі жөнінде әрдайым айтып отырады, ал «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерді қорғаушы бірден бір партия. Сайлауалды бағдарламасында бұл бағытта арнайы бөлім – бизнесті қорғау және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру деп аталады. Қазір елімізде 3 миллионға жуық бизнес өкілдері бар. Кәсіпкерлікті дамытсақ, сөзсіз жұмыссыздық мәселесін де шешеміз, елімізді отандық өндіріспен қамтамасыз етуде де жетістіктеріміз көбейетін болады. Кәсіпкерліктің емін-еркін аяқтан тұрып, дамып кетуіне қолайлы жағдай жасап, 3 жыл  мораторий жариялауға қол жеткізу де ақжолдықтардың жетістігі» - дей келе басқа да бұқара халыққа жағымды жұмыстарын атап өтті.
Кездесуге келген жұрт қазіргі нарықтық жағдайға байланысты, тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету тағы басқа да әлеуметтік жағдайларға қатысты сұрақтар қойды. Сұрақ-жауаптан соң, тұрғындар арасынан «Ақ жол» партиясының жұмыстары көңілге қонатындығын айтып алғыс айтқандар болды. 
 
29 ақпан 2106 ж.
 «Ақ жол» ҚДП ОҚО филиал өкілдері Түлкібастықтармен кездесті. Састөбе ауылында өткен жиынға ауданның әр елдімекенінен барлығы 300 ден аса адам қатысты. Парияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырған Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер А.Орман мен Қ.Айтбай ауыл тұрғындарының көкейтесті мәселелерімен танысты. Тұрғындар партиялық тізім бойынша сайлауға түсіп жатқан Қ.Айтбайдың туған жеріне сіңірген еңбегін атап өтіп, сәттілік тіледі.