03
Наурыз

Ауылға назар аудару керек

2016 жыл 2 наурыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

2016 жылы 2 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Руслан Арынғазин мен Павлодар аудандық маслихаты депутаттығына үміткер Райса Красновалар Успен ауданы, Киров ауылында сайлаушылармен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге «Ақ жол» партиясының облыстық филиалының төрағасы Е.Арынов және облыстық сайлауалды штаб мүшелері К.Абелбеисов, Н.Смутная, Г.Исеева, О.Насоновалар қатысты.


Сөз кезегінде Е.Арынов жиналғандарға Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының жұмысы туралы айтып берді. Р.Арынғазин партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, партияның ауылға назар аударып, «Қазагро» холдингінің мемлекет қаражатын тиімді пайдалану мәселесі бойынша парламенттік мониторинг жүргізіп, ауыл кәсіпкерлерін дамытуды назарда ұстайтын боламыз деп атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыз су және мал жайылымына байланысты сұрақтарын ортаға салды.



Ауыл тұрғындарымен кездесуден кейін Р.Арынғазин және облыстық сайлау штабының мүшелері Павлодар турбопрокат зауытының еңбек ұжымымен кездесті.