04
Наурыз

Өзекті мәселелер жөнінде өткір сауалдар қойылды

3 наурыз 2016 ж

Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Руслан Арынғазин Павлодар облысының сайлаушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. 



Түске дейін осындағы фабрикада болып, еңбек ұжымымен кездесіп, өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Кездесу барысында облыстық филиалдың төрағасы Е.Арынов жиналғандарды партияның тарихымен таныстыра келіп, сөз кезегін Р.Арынғазинге ұсынды. Ол алдымен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы кеңінен тоқталып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша партияның қандай жұмыстар атқарып жатқанын айтып өтті. Фабрика жұмысшылары өз кезегінде өзекті мәселелер жөнінде өткір сауалдар қойды. Бұрындары бұл фабрика Павлодардагы Алюминий, Электролизный зауыттарына жұмысшы киімдерін тігіп келген болса, биыл бұл жұмыстарды Қарағанды мен Теміртауға беріп қойған. Қаншама салық басқа облысқа кетіп жатыр? Негізінен осы қалада жұмыс істейтін кәсіпорындарға басымдық беру қажет қой. Фабрика директорының айтуынша, өнімдерінің сапасы жоғары. «Біз алып зауыттар ластаған ауаны жұтамыз және жұмыссыз отырмыз. Облыста өз кәсіпкерлерімізді қорғайтын механизм қалыптастыруымыз қажет». – деді ол.



Түс ауа Р.Арынғазин облыстық штабтың мүшелерімен бірге Павлордар Мемлекеттік Педагогикалық институтының оқытушылары және студенттерімен кездесті. Студенттер жұмысқа орналастыру, гранттарды бөлу мәселелеріне байланысты сауалдар қойды. Барлық сауалдарға толыққанды жауап берілді.