20
Ақпан

Санат жоқ 20.02.2016

«Ақжолдықтар» үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына арналған шара өтті. Бұл басқосуға партияның белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Алдағы сайлауға үгіт-насихат жұмыстарының басталуына орай  Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Меруерт Қазбекова қатысып, саяси науқанның жай-жапсары жайлы айтып берді.

–Біз үшін үгіт-насихат жұмыстары осыдан төрт жыл бұрын басталған еді,– деді ол. –Себебі, ақжолдықтар өткен сайлауда парламенттік фракцияға өтісімен өз бағдарламаларына орай жұмысты жандандырған еді.

Сонымен бірге, жергілікті мәслихаттарға ұсынылған кандидаттардың да үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізуі керектігі кеңінен сөз болды. Партияның атына кір келтірмей, қайта оның беделін көтеру жайы да ауызға алынды.  

Ақмола облыстық филиалы штабының жетекшісі Жеңіс Темірхан осы күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Үгіт-насихат жұмыстарын ширатуға қатысты да пікірлер айтылды. Осы шараға арнайы келген қала тұрғындарының қатарында ақжолдықтар атынан сайлау учаскелерінде байқаушы болып қатысуға тілек білдіргендер де табылды.

Облыстық филиал төрағасы Серік Бейсембаев шараны қорытындылып, партияластарына алдағы сайлауда биіктен көрінуге тілектестігін білдірді.



«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы.