Ұстаздарды әлеуметтік қорғау мәселесі де айтылды. Білім беру саласындағы түйткіл жайлар да ортаға салынды. Бұл ретте көпшілікті толғандырған сапасыз оқулықтар жайы да ауызға алынды.
Сонымен бірге, партияның бизнесті дамытудағы бағдарламалары да тілге тиек етілді. «Ақ жол» партиясы орта тапқа арналғандықтан, өмірдің барлық саласында олардың белсенділігін арттыру маңызды екенін де жеткізілді.
Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттығына түсіп жатқан ақжолдық үміткерлер де сөз алып, өздерінің сайлауалды бағдарламалары жайлы айтып берді.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы.