«Ақ жол» алдағы Мәжіліс сайлауына өзінің партиялық тізімін бекітті
Бүгін, 2016 жылдың 3 ақпанында, Астана қаласындағы ҚДП-ның Орталық кеңсесінде өткен партияның XIII съезінде, «Ақ жол» алдағы Мәжіліс сайлауына өзінің партиялық тізімін бекітті.
Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан делегаттар қатысты. 20-шы наурызға жоспарланған Парламент Мәжілісінің сайлауына партияның қатысуы туралы Төралқаның шешімін Съезд бірауыздан қолдады.
Партия жетекшісі Азат Перуашев: «Мемлекетті басқару, заң шығару жұмыстарына қатысу - кез келген саяси партияның басты міндеті, онсыз олар «мүдделер клубына» айналып кетеді. 2012 жылғы сайлаудан кейін партиядағы Парламенттік фракциясының барлық жұмысы өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған болатын», - деп атап көрсетті өз сөзінде.
Съезде бұрынғы сайлауалды бағдарламасында көрсетілген барлық бағытталған істерді сақтауға және жалғастыруға шешім қабылданды. Сонымен қатар «Ақ жол - еңбектенер кез келді» атты жаңа бағдарламасының 4 басым бағыттары және оның саяси бағдарламасы аталып өтті. Олар: Тәуелсіздік және ұлттық мүдде; нарықтық реформа және жеке бизнесті қолдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстанның миллиардтаған қаражатын шетелдік банктерден қайтару; демократияны дамыту, шенеуніктердің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Партияның жаңа бағдарламасымен Бөрехан Нұрмұхамедов таныстырды.
«Ақ жол - еңбектенер кез келді» атты сайлауалды бағдарламасы сьезд делегаттарынан қолдау алып, бірауыздан қабылданған шешіммен бекітілді.
Күн тәртібіндегі басты мәселе партиялық тізімді бекіту болды.
Съезд барысында партияның аймақтардағы филиалдардың төрағаларына, өңірлерде электоралды науқанды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты, сенім білдірген адамдар мен бақылаушылардың тізімін жасауға, науқанның беделін нығайтуға байланысты нақты тапсырмалар берілді.
2016 жылдың 3 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Тізім