Алматылық Ақжолдықтар Халықаралық «Мәңгі тірі полк» акциясына қатысты
9 мамыр күні Алматы қаласының көшелерінде халықаралық қоғамдастық шеңберінде тарихи-отаншылдық «
Мәңгі тірі полк» акциясы бойынша шеру өтті. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен әрбір жауынгердің туған - туысқандары осы акцияға портреттерін алып шығып еске алды.
Аталмыш акцияда «Ақ жол» Демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалының Кеңесі және партия активтері белсенді қатысты.
«Мәңгі тірі полк» - қоғамдық шеру акциясы. Бұл акцияның тарихы сонау 2007 жылдан бастау алады. Ол кездері «Жеңіскерлер шеруі» атауымен өтетін.
«Мәңгі тірі полк» атауы 2012 жылы пайда болды. Сөйтіп, 2013 жылы аталмыш акция әлемнің 120 қалаларында таралды. Бір жылдан кейін 7 мемлекеттің 500 қаласында жергілікті тұрғындар майдан жауынгерлерінің туған- туысқандары портреттермен көшелерге шығып еске алу акциясына қатысты.