19
Мамыр

Санат жоқ 19.05.2016

«Ақ жолда» жер заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 19 мамыры
«Ақ жолда» жер заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды – осы шараға фракциясының кезекті кеңейтілген отырысы арналды. Іс-шара партияның филиалдарымен бейнеконференциялық байланыс режимінде өтті - талқылауға ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған аймақтардың кәсіпкерлер, басқа да мүдделі азаматтар қатысты.
Естеріңізге сала кететін, Қазақстан Президенті 2017 жылға дейін бірқатар қоғамдық резонанс тудырған Жер кодексінің нормаларына мораторий жариялады, және жер реформасы бойынша Комиссия құруды тапсырды. Комиссия құрамына партияның төрағасы Азат Перуашев та енгізілді, 14 мамырда болған бірінші отырысында жер мәселесі бойынша ҚДП ұстанымын хабарлады. Бұл туралы фракция мүшелері және партия активін ақпараттандырды.
«Жерге деген меншік - бұл болашаққа деген сенімділік, бұл инвестициялардың кепілдігі. Ал инвестицияларсыз экономиканың жетекші салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылық әлеуетін іске асыру мүмкін емес,- деді «Ақ жол» партиясының көшбасшысы. – Бірақ жерді жекешелендіруге жасанды түрде асығудың қажеті жоқ. Көптеген шаруашылықтар өз учаскелерін қазір-ақ сатып алуға дайын емес, сонымен қатар мұндай жекешелендіру тәртібі және рәсімдері бойынша сұрақтар тудырады. Мұнда, кезең-кезеңмен бару керек, және, ең алдымен - ашық және әділ механизмдермен қамтамасыз ету үшін, осы жерде кім шынайы жұмыс істейтін болса, жер соған берілуі тиіс».
Шетелдік инвесторлар туралы айтсақ, шетелдіктерге жерді жалға беруденқауіптенгендерге  түсіністікпен қарау керек,- деп атап өтті.
'Жақсы, егер олар біздің жерімізге адал ниет, заманауи технологиялар мен дамыған ауылшаруашылық мәдениетін алып келсе. Ал егер керісінше болса ше? Сондықтан, егер азаматтардың Жер кодексінің шетелдік компанияларға берілген мүмкіндіктері біздің ұлттық мүдделерімізге қаншалықты сәйкес келетініне күмәні бар болса, немесе керісінше, олар үшін қауіпті – онда бұл заңды қайтадан зерделеу және талқылау керек', - деп қосты Перуашев.
'Ақ жолда' қытай компаниялары атына айтылып жатқан  қауіп бойынша нақты негіздер бар,- деп санайды. Біріншіден, біздің көрші елдеріміздің өте тығыз мекенделген аумағына қарағанда,  халқымыздың тығыздығының төмен. Екіншіден, қытайлық компанияларының Тәжікстандағы қайғылы тәжірибесі, ол бүгін барлығына белгілі, сондай-ақ, кейбір мемлекеттер мысалы,  Австралия сияқты оларға жер беруден бас тартты. Қазақстанның өз тәжірибесі бар, Ақтөбе мұнай компаниясында дәл осы қазақстандық жұмысшыларды жұмыстан қысқартып,  қазақстандық мердігерлерді алып тастап, өз қытайлық тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді жұмысқа тұрғызған.
Алайда, 'ақжолдықтардың' пікірінше тек Қытайды ғана шектеу, жақын көршіге қатысты мейірімсіздікті білдірген болады, мүмкін, мұндай шектеу, тіпті заңсыз болып табылатын сияқты,- бұл жерде құқықтық талдау қажет. 
 
 
«Бірақ, егер жерді ұзақ мерзімге жалдауға берілген мәселе бойынша біздің ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету, сепаратизмнің алдын-алу және т. б. қауіп төндіретін жағдайларды байқаған болсақ - мүмкін, бүгінгі кезеңде Қазақстанмен  тікелей шекарасы бар шетелдік компанияларына шектеулер қою қажет және оларға  жерді жалдауға жол бермеу керек, - деп сенімді 'Ақ жолда'. - Ал дамыған Еуропа және Азия мемлекеттерінің компаниялары  жерді жалға алып және біздің ауыл шаруашылығымызға үздік тәжірибе және үздік агротехнологиялар енгізсе, кіре алар еді».
Талқылау барысында Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы және басқа да облыстарының  фермерлері мен ауыл тұрғындарының пікірлері тыңдалды. Олардың барлығы - біздің ұлттық мүдделерімізді, интеграциялық міндеттемелерімізді ескере отырып, бұл мәселені алдымен мұқият зерделеп, талқылап бір тұжырымға келеді. Ал балама шикізат экономикасында агроөнеркәсіп кешені болуы тиіс - дамыған ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығын қайта өңдеуге ие болмаса, Қазақстан ешқашан күшті мемлекет бола алмайды. Сондықтан либералдық жер реформасын созғаннан, біз ештеңе пайда көрмейміз.
 
Пікірталасқа қатысушылар Перуашевтің сөйлеген негізгі ережелерін назарға алып және жер реформасы бойынша партияның жалпы ұстанымын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.