07
Маусым

Санат жоқ 07.06.2016

Ауыл шаруашылығын гектарлық субсидиялау жалғасатын болады –'Ақ жол'партиясының депутаттық сауалына деген жауабы

'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі,  2016 жылдың 7 маусымы

Ауыл шаруашылығын гектарлық субсидиялау жалғасатын болады бұл туралы министр Асқар Мырзахметовтың 'Ақ жол' фракциясының депутаттық сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында  фракциясының депутаттарымен  министр  Асқар Мырзахметовтың  атына ауыл шаруашылығын гектарлық субсидиялауды  қалпына келтіру талабы туралы  сұрау жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің ауыл шаруашылығының 1 гектарға және (немесе) тоннасына  басым дақылдарын субсидиялау ережелері  туралы (2016 жылдың 21 сәуірінде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына қарамастан, ағымдағы жылдың басынан бастап гектарлық әдісіпен субсидиялау бойынша іс жүзінде тоқтатылған болатын.
«Осы 2016 жылдан бастап кадрларды дайындауға, генетика, жаңа әзірлемелерді енгізу, техника мен құрал-жабдықтарды жақсартуға алынатын инвестсубсидияларға көшуге байланысты өткен жылдың соңынан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы өсімдік шаруашылығындағы гектарлық субсидиялау жарғыларынан бас тарту туралы бірнеше рет айтылды,- делінген сауалда. -, оның ішінде импорттық ауыл шаруашылық техникасын сатып алу,  бұл ретте, субсидиялауға жатады, бұл отандық ауылдарды қамқорлыққа алуды  жамыла отырып, қазақстандық емес шетелдік машина жасаушыларды  қолдауды білдіреді»
Бұл гектарлық субсидиялауды қолдаудың дәлелдері бар бизнес-қоғамдастықтың алаңдаушылығын туғызды: техника 5-10 жылда бір рет сатып алынуда, ал егіс және егін жинау жұмыстарына және жануарларға азықты сатып алу шығындары үнемі болып тұрады.
   Фракцияның депсауалына ауыл шаруашылығы министрлігінің  бүгінгі жауабында  ауыл шаруашылығын гектарлық субсидиялау жалғастырылатын болады делінген.
'Ақ жол' ҚДП Парламенттік фракциясы қазақстандық тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғап, сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.