13
Маусым

Санат жоқ 13.06.2016

Ақ жол' партиясы бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылықтар және мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жеке жауапкершілікке шақыруды кезекті рет талап етеді

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 8 маусымы
'Ақ жол' партиясы бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылықтар және  мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін  мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жеке жауапкершілікке шақыруды кезекті рет талап етеді - бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев Мәжілісінің пленарлық отырысында  2015 жылға бөлінген бюджеттің орындалуы туралы Үкімет есебінің талқылануы барысында мәлімдеді.
«Бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің Есебіне Түсіндірме жазбада, 5 институционалдық реформалар аясында Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін және бюджеттік бағдарламалардың басшыларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге жеткізілмегені кіргізілуге бағытталған делінген,- деп атап өтті. - Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелері қол жеткізілмей қалғаны туралы аз мысалдар келтірілген жоқ.»
Сонымен, 'Ақпараттық Қазақстан – 2020' бағдарламасының  жүзеге асыру қорытындысы бойынша, анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 145 млрд. тг. -ні құрады. 'Жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесу' бағдарламасы бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтуы 8% төмендеді.
«Еске салып өтсем, өткен жылдың күзінде, 'Мемлекеттік сатып алу туралы' заңынан Қазақстандық қамту және Отандық өндіруші деген ұғымдар алынып тасталды, 'Ақ жол' фракциясы 2015 ж. 11 қарашасында болған Мәжілістің пленарлық отырысында 9 рет мұндай шешімге ҚАРСЫ деп дауыс берді – деді Азат Перуашев,- Енді неге таң қаламыз?».
Барлық фракциялардың депутаттары қаржылық бұзушылықтар мен орындамаған мемлекеттік бағдарламалар және тағы басқа көптеген мысалдар келтірді. Және бірінші басшыларының жауапкершілігі туралы талап қалай жүзеге асырылды?
Бюджеттік қаражатты игеру мониторингі қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар бойынша 24 адам жауапқа тартылған, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке 1 адам тартылған, қалғандары сөгіс, ескертулер алды және т. б...
Жергілікті атқарушы органдарда 29 адам жазаланды, соның ішінде 3 адам атқарып отырған лауазымынан босатылған, қалғандарына сондай-ақ, сөгіс және ескертулер жарияланған.
 Перуашев әріптестерінің назарын кімді жазалайтынына аударды - Инвестиция министрлігі департаменттің басқарма басшысы және сарапшы міндетін атқарушы жазаланды. Денсаулық сақтау Министрлігінде – Семей қаласының медициналық университетінің  техникалық-пайдалану бөлімінің бастығын және с. с. және т. б.
«Сонымен, Түсіндірме жазбада айтылған бірінші басшылары қайда? Неге тағы да мемлекеттік органдар «бағыттамаларды» іздейді? Сонда сарапшы немесе провинциядағы жоғары оқу орнындығы техникалық-пайдалану бөлімінің бастығы  бағдарламаларды кешіктірген немесе миллиард және миллиард теңгені тиімсіз пайдалануына кінәлі болғаны ма?»,- деп назаланды «Ақ жолдың» көшбасшысы.
«Мемлекеттік бағдарламалардың көрсеткіштерінің сәтсіз болуына бюджет қаражатын игеру кезіндегі бұзушылықтар үшін мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшыларын жеке жауапкершілікке сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде енгізілуін біз кезекті рет ұсынамыз»,- деп қосты Перуашев.
 
'Ақ жол' ҚДП сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.