22
Маусым

«Ақ жол» партиясы жер реформасы бойынша дөңгелек үстел өткізді

Дөңгелек үстел басындағы пікірталасқа Парламент Мәжілісінің депутаты, партия төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаттары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсенбинов, партия төрағасының орынбасарлары Қазбек Иса, Азамат Әбілдаев, партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, Алматы филиаланың төрағасы Дмитрий Васильев және Алматы облыстық филиалының төрайымы Мейраш Шынасилова, партия белсенділері және түрлі бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Қазір жер мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Осыған байланысты Жер Кодексінің кейбір баптарына мораторий жарияланғаны белгілі. Республикалық Қоғамдық коммиссия да жұмыс істеп жатыр.Аталған тақырыпқа байланысты пікірталасқа қатысушылардың ұсыныстары да саналуан болды. Жер сатылмайды. Жалға берілген күннің өзінде оны тек қазақстандықтар алу керек. Сондай – ақ, шекаралық аймақтардағы жерді жалға беру де өткір мәселе. Қазіргі заң бойынша екі шақырымға дейін жалға берілмеу керек. Дөңгелек үстелдің басында жиналғандар шекаралық аймақтағы жер телімдерін қатаң бақылауда ұстап, жергілікті адамдарға ғана жалға беруді ұсынды. Тағы бір ұсыныс жерді сату, жалға беру мәселесін экономикалық мәселе деп қарамай, саяси мәселе деп қарау керек.

«Ақ жол» партиясы мұндай дөңгелек үстелдерді енді еліміздің барлық облыстарында өткізетін болады.

 

«Ақ жол» ҚДП

Баспасөз қызметі