«Ақ жол»: Жердің басты қатері - шетелдіктер емес, ал біздің өзіміздің сыбайлас жемқорлығымыз
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы, 2016 жылдың 22 маусымы
Жердің басты қатері - шетелдіктер емес, ал біздің өзіміздің сыбайлас жемқорлығымыз - бұл туралы Азат Перуашев жер реформасын жургізу мәселелері бойынша партияның Алматы филиалымен ұйымдастырылған 'дөңгелек үстел' барысында мәлімдеді.
Ic-шарада партия төрағасы Азат Перуашев, оның орынбасарлары Қазыбек Иса мен Ерлан Әбілдаев, депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Бepiк Дүйсембинов, партияның Орталық кеңесінің хатшысы Арман Нұрқалиев, партиялық комиссияның төрағасы Андрей Линник, Алматы қ. және Алматы облысы ҚДП филиалдарының төрағалары Дмитрий Васильев және Шынасилова Мейраш, партияның активі, Алматы облысының фермерлік және шаруа қожалықтары басшылары, коғам өкілдері, баска да мудделі азаматтар қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 маусымында өткен жер заннамасының өзекті мәселелеріне арналған партияның Орталық кеңесінің Пленумында, жер реформасы бойынша өңірлерде партияның жалпы ұстанымынының әзірлену мақсатында басталған талқылауды жалғастыруға шешім қабылдады. Осыған байланысты филиалдарына өңірлік ауыл шаруашылық өндірушілері мен партия активін белсендіре жұмылдыра отырып, тиісті 'дөңгелек үстелдер' ұйымдастыруға тапсырма берілген.
« Нарықтық институт және стратегиялық бағыт ретінде жерге жеке меншікті қолдап, бұл процесті eшбір жағдайда жасанды асыктыруға болмайды. Заңда жерге жеке меншік құқығының болуы, ол дереу бүкіл жерді 'алып бөле салу' дегенді білдірмейді, - деп атап өтті Перуашев. АӨК-дағы тиімді менеджмент және ауыл шаруашылықтың қаржылық тұрақтылығы мәселесі шешілмей, жерді жеке меншікке сатумен асығуға болмайды,- деп санайды, өйткені 'біздің жеріміздің негізгі қаупі - жалға алушылар немесе шетелдіктер емес, ал біздің өзіміздің сыбайлас жемкорлығымыз'.
«Меніңше, жиі кездесетін пікір, ауыл шаруашылығы «үнемі шығынды болады» сондықтан, мемлекет оны тұрақты қаржыландыруға міндетті,- түбегейлі нарықтық кағидаттарына қарама-қайшы. Егер осы талаптарды негізге алсақ, онда жерді меншікке беруге мүлдем болмайды, ceбeбi шығынды шаруашылықтар несиелерді қамтамасыз ету ушін жерді қояды, қайтадан банкроттыққа ұшырайды, және көп ұзамай букіл жер банктердің меншігі болып шығады. Егер тіпті ipi астық холдингтер жиі-жиі банкротқа ұшырап жатса, бізде табысты кәсіпорындар көп пе? Сондықтан жолы болмайтын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары туралы айтпағанның өзінде, біз жерді меншікке тіпті осындай гиганттарға да таратумен асыкпауға шақырамыз»,- деп толықтырды Перуашев.
Оның пікірі бойынша, бұл жоспарланған жаппай жерді жeкeшeлeндipyдiң орнына, жерге деген жеке меншік міндет емес, нарық кезеңінде өз тиімділігін дәлелдеген кәсіпорындарға ол марапат болып келеді Сондықтан, қазақстандық ауылшаруашылық өндірушілерін жерді ұзақ мерзімге жалға алу құқығын сақтау керек. Және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жұмысы шығынсыз болған кезде ғана, айталық 5-10 жыл бойы, жалға алынатын жер олардың меншігіне сатылар еді
Осы саладағы әдiл және айқын тетіктер туралы айта отырып, Жер инспекцияларының ролін арттырып, осы саладағы сыбайлас жемкорлық және бюрократияны жою қажет екенін 'Ақ жолдың' көшбасшысы атап өтті. Сонымен қатар, мынадай тікелей оны өңдейтін және осы жерде тұратын қазақстандықтардың жалға алу және жерді жекешелендіру кепілдігін беретін механизмдері кездеу қажет.
Жер инспекциялары жер ресурстарының тиімді пайдалануды, тыйым салынған химикаттарды қолданудың жолын кесуді, туралап қалған учаскелерді алып және айналымға қоюға қайтаруды қадағалауға міндетті.
«Бұл теория, ал шын мәнінде ше? Іс жузінде біздің компаниялардың өздері Тәжікістан немесе Сібірдегі қытайлардан қалыспай өз топырағын құртады, жұмыс істейтін шаруашылықтар дамыту ушін жерді таба алмайды, ал көршілес учаскелерінде қурай өсіп кеткен. Бұл үшін, Жер инспекцияларының ролін арттырып, осы саладағы сыбайлас жемкорлық және бюрократияны жою қажет. Ал, қадағалау өкілеттіктерінің орындалуы ушін, даулар мен кінә қоюшының басқа да құжаттар ағынында әуре-сараңға түспес үшін бұл функцияларды мүмкін экологиялық прокуратураға беру керек»,- деп атап өтті Перуашев.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, аумактық тұтастығын және сепаратизмнің алдын-алу үшін, Қазақстанмен тікелей шекарасы бар елдердің (бұл - Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Иран, Турікменстан) заңды тұлғаларына және шетелдік азаматтарына біздің жерді жалға алу құқығын бермеу усынылады.
«Компанняларды үшінші елдерде тіркеу арқылы бұл талапты оңай айналып өтуге болады деген пікір бар. Алайда, бүгін батыс мемлекеттерінің фискалдық қызметтерінің ic- әрекеттері оффшорлык аймактарға қатысты және соңғы Панамалық жанжал керсеткендей, кез-келген компанияның түркілікті бенефициарларын анықтау әбден мүмкін. Құқық қорғау органдарының осы жұмыспен айналысуға деген ниеті болса болды.
Keйбір әріптестеріміздің шетелдіктерге шекара аймағы маңынан, бұл аймақ 2 км болса да, 200 болса да жалға беруді шектеуге енгізу туралы ұсыныстары мәселенің өткірлігін алып тастамайды. Тәжірибе көрсеткендей, қытайлық инвесторлар қытай шекарасынан мыңдаған шакырым жерде - мысалы, Ақтөбе облысында жерді иеленіп отырғаны – үлгі ретінде жеткілікті. Мұнда қазақстандық қызметкерлерінің қысқаруы да, қазақстандық мердігерлер мен сервистік компанияларды қытайлармен ауыстыру және т.б.
Осы жерден, Қазақстанда жерге меншік құқығы бар компаниялардың шетелдік құрылтайшыларының қатысу үлесін қайта қарауға ұсыныс туып отыр. Бүгін бұл шегі 50%.-дан астам деңгейде белгіленген. Менің ойымша, кез келген шетелдіктердің жері бар компаниялардың жарғылық капиталына кіруі, ол жер алынып және оларға жалға ұсынылуы тиіс. Немесе, шетелдік құрылтайшылардың қатысу шегін едәуір 25% және кем темендету керек»,- деді Перуашев.
Өткен дискуссия барысында «дөңгелек үстелге» қатысушылар ҚДП басшысымен айтылған ұсыныстарды талқылап, өз көзқарастарын айтты. Ауыл шаруашылық; кәсіпорындарының өкілдері өздерінің ең өткір мәселелерін көтерді. Перуашев фермерлерге ең қысқа мерзім ішінде партия атынан тиісті органдарға сұрау салулар жіберуге уәде берді.
«Біз жер реформасы бойынша пікірталаска барынша прагматикалық көзқараспен қарап, біздің мүдделерімізді ескере отырып, интеграциялық міндеттемелер мен міндеттерді одан әpi дамытуды қарастыруға тиіспіз,- деп қорытындады ол. - Бұл жіті және кейде жағымсыз пікірталас көрсеткендей, бұл жағдайдың жалпы түсінігі бар, және менің ойымша, біз барлық филиалдар бойынша осындай талкылаулардың қорытындысы бойынша 'Ақ жол' партиясының жалпы принциптік тәсілдерін тұжырымдап, жалпы принциптерін ұсынуға және қорғауға әзірлеп, оларды Үкіметтік ішіндегі Жер комиссиясына ұсына және қорғай аламыз».