29
Маусым

Санат жоқ 29.06.2016

Эйр Астананың' ұшқышының бірнеше рет есірткі қолданғанына байланысты Азат Перуашев ААК-ны қабылданған шаралар туралы хабарлауын сұрайды

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 29 маусымы


 
Кеше өткен Мәжілістегі авиация қызметі туралы заң жобасының таныстырылымы барысында, 'Ақ жол' фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Инвестициялар және даму министрлігі мен Азаматтық авиация комитетiнің басшыларынан 'Эйр Астана' ұшқышының есірткі қолдануының анықталған фактілеріне байланысты қабылданған шаралар туралы хабарлауын сұрады.
Сұрақ вице-министр Альберт Раудың немістің «Люфтганза» әуекомпаниясының ұшағының апатқа ұшырағаны өз ауруын жасырған ұшқыштың кінәсінен болғанын мысал келтіргеннен кейін қойылды.
«Бөтен көзден сабан іздейміз, ал өзінде бөренелер байқалмайды» - деді осыған байланысты Азат Перуашев. - Альберт Павлович, сіз германиялық ұшқыштың мысалын келтірдіңіз. Ал біздің 'Эйр Астананың' ұшқышы ағымдағы жылдың наурыз айында Мәскеуден Алматыға ұшып келгеннен кейін есірткі пайдаланумен ұсталған, әрі белгілі болғандай, бірнеше рет қайталанған, сонымен қатар дәл тікелей рейске шығар алдында! жүздеген адамның өмірі тікелей қауіпке ұшырады.
Иә, ұшқыш жұмыстан босатылды. Бірақ проблема пилотта ғана емес: біреу оған тексеру жүргізіп, ұшуға рұқсат берді ғой.  қателіктер жіберді. Мұндай тәуекелдердің алдын алу үшін қандай шаралар қабылданды?
Сіздің Германияға қатысты мысалыңыз бойынша - онда апаттан кейін анықталғандай, дәрігерлер басшылыққа ұшқыштың денсаулықпен байланысты мәселелері туралы хабарламаған. Енді олар дәрігерлік құпиядан бас тартқан және дәрігерлер ұшқыштардың аурулары туралы әуе компанияларына хабарлауға міндетті. Біздің ұшқыштарға қатысты дәрігерлік құпия жойылатын бола ма?'.
 
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов медициналық сарапшы әуе компаниясының басшылығын  ұшқыштардың барлық аурулары бойынша хабарлауға міндетті болады,- деп мәлім етті.
Алайда депутат «Сіздің жауабыңыз толық емес» деген қызметтік тексерулердің қорытындыларын ескере отырып, 'Эйр Астана' ұшқышымен болған оқиға да бойынша толығырақ жауап беруді талап етті. 'Шөп иіскеп' бірнеше рет рейске шығып жүрген ұшқыш үшін компанияның ішінен кім жауапкершілікке тартылды? Сол туралы біз қайтадан хабарлауды сұраймыз. Қандай лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды?
Егер қазір сіздерде ақпарат жеткіліксіз болса – жалпы тақылауларға жүгінбей, солай деп айтыңыздар. Сіздерге уақыт береміз – дайындалып, жазбаша болса да, бірақ нақты сұраққа - осы жағдайдың қорытындысы бойынша, және болашақта не істелетіні бойынша жауабын беріңіздер'.