29
Маусым

Санат жоқ 29.06.2016

«Ақ жол» Түркияның Ыстамбұл қаласында болған лаңкестікке байланысты көңіл айту хат жолдады

«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 29 маусымы

Кеше Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әуежайда лаңкестік акт болып, оның салдарынан ресми деректер бойынша 36 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланған. Осынау жантүршігерлік оқиғаға байланысты «Ақ жол» партиясы көңіл айту хат жолдады. Онда былай делінген:


 
Қазақстандағы Түркияның
төтенше және өкілетті елшісі
Невзат Уянык мырзаға
 
Құрметті Уянык мырза!

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, партияның Парламенттік фракциясы және өз атымнан Ыстамбұл қаласының Ататүрік әуежайындағы 28-ші маусымда болған лаңкестік актінің көптеген құрбандықтарына байланысты Сізге және Сіз арқылы бүкіл туысқан түрік халқына шын жүректен көңіл айтуымды қабыл алыңыз.
Әсіресе, қасиетті Рамазан айында осындай лаңкестік әрекеттерді жасау жантүршіктірерлік қылмыс және күпірлік деп санаймыз.
Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз және зардап шеккендердің тездетіп оңалып кетуін тілейміз.