01
Шілде

Санат жоқ 01.07.2016

Көңіл айту хатына Түркия елшілігінен жауап келді

Қазақстанның «Ақ жол»
Демократиялық Партиясының
Төрағасы Азат Перуашев мырзаға

Құрметті Азат Перуашев!

Ыстамбұл қаласының Ататүрік әуежайында кеше (2016 жылдың 28 маусымында) орын алған. Жантүршігерлік лаңкестік актісіне байланысты жолдаған көңіл айту хатыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Әсіресе қасиетті Рамазан айында жасалған бұл қорқынышты лаңкестік актісі ешқандай адами, рухани және діни құндылықтарға жатқызуға келмейтін тероризмнің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын өкінішке орай тағы да бір көрсетті.
Осындай қайғылы оқиғалар алдында күн өткен сайын маңыздылығы артып бара жатқан терроризмге  қарсы халықаралық ынтымақтастықта, барлық салада болғандай, Түркия Республикасы терроризммен күрес мәселесінде де дос және бауырлас Қазақстан мемлекетімен ынтымақтастыққа үлкен мән береді.
Осы орайда, кеше болып өткен сайлауда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі болып таңдалған Қазақстанның жетіске жетуімен шын жүректен құттықтап, көреген сыртқы саясатымен бұл жаңа жетістіктің Қазақстанның халықаралық аренадағы күш-жігері мен беделіне зор үлес қосатынына сенім білдіре отырып, Түркия Республикасы ретінде басынан бері қолдау көрсеткен осы жетістігін дос және бауырлас ел ретінде мақтан тұтамыз.
 
Құрметпен,
Невзат УЯНЫК
Түркия Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісі