04
Шілде

Санат жоқ 04.07.2016

«Ақ жол» Парламенттік фракциясы Парламенттің күн тәртібіне өзгерту және депутаттық фракциялардың рөлін күшейту жөніндегі Мәжіліс спикерінің бастамасын қолдайды

 «Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 4 шілдесі



Парламент Палаталарының бірлескен отырысында алтыншы шақырылымның бірінші сессиясының қорытындысы бойынша баяндамада келтірілгендей, «Ақ жол» Парламенттік фракциясы депутаттық фракциялардың рөлін күшейту және Парламенттің күн тәртібін өзгерту туралы Мәжілістің спикері Н. Нығматуллиннің бастамасын қолдайды – бұл туралы 2016 жылдың 1 шілдесіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының Мәлімдемесінде хабарланған.
Мәселен, баяндамада спикер «Саяси партиялардың барлық фракцияларының ұстанымдарын жария ету үшін жарыссөзде сөзді міндетті түрде беруді қарастыруды» талап етіп, ұсыныс жасады.
Фракция төрағасы А. Т. Перуашев Мәжілістің спикерінің жақындағы сайлануына түсініктеме бере келе, бұл қызметтегі Н. З. Нығматуллиннің алдыңғы ауысуынан кейін болған Парламенттің отырыстарында «Ақ жол» ҚДП депутаттарына  сөз бермеген бірнеше жағдайларды  еске салды.



«Барлық осындай жағдайларда «Ақ жол» фракциясы Мәжілістің басшылығына ресми қарсылықтармен хаттар жіберіп отырды. Сонымен  қатар, бізден бірнеше рет Парламент Палаталарының Регламентіне тиісті өзгерістер енгізу туралы талаптар:
-         2012 жылғы 21 қыркүйектегі,
-         2013 жылғы 3 мамырдағы,
-         2014 жылғы 22 мамырдағы,
-         2014 жылғы 26 маусымдағы,
-         2015 жылғы 27 қазандағы және т.б. үндеухаттарда енгізілді.
Бұл құжаттарда «Ақ жол» партиясы басшылығы азшылықтың атынан депутаттардың сөйлеуіне міндетті түрде құқық беру кеңінен қолданылатын халықаралық тәжірибеге табанды сілтемелер жасады. Бірқатар елдердің ұлттық заңнамасынан басқа, мұндай нормалар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының №1601 қарарымен бекітілген. Ал демократия үшін Венециандық Комиссиясының баяндамасында, «парламенттік көпшіліктің шешім қабылдауға құқығы бар, бірақ сол мезгілде парламенттік азшылықтың өз дауысын естіртетін бұлжымас құқығы болу тиіс», деп тікелей көрсетті.



         «Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі спикерінің жоғарыда аталған мәлімдемесін құптайды және мұны біздің елімізде демократиялық рәсімдерді енгізу және парламентаризм институтын дамыту нақты қадам ретінде атап өтеді» - делінген фракция мәлімдемесінде.