«Ақ жол» сұхбаттағы айтылған деректердің жалған екендігін айтуды талап етеді - «Самрұқ-Қазына Контракт» бас директорына хат
2016 жылдың 13 шілдесі
ЖШС «Самрұқ-Қазына Контракт»
Бас директоры
С.К. Елшібековке
Құрметті Серікбек Кеңесбекұлы!
2016 жылдың 30 мамыры, менен, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының атынан ЖШС «Самрұқ-Қазына Контракт» -ға Самрұқ-Қазына серіктестігінің топ жүйесіндегі сатып алу көлеміне қатысты, сондай-ақ олардың тәуелді және еншілес ұйымдарының соңғы 5 жылдағы ақпаратты беруге және сатып алу жүйесіндегі бұзылу жөнінде жолдаулардың, ұлттық серіктестіктердің қызметкерлерінің сатып алу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандардың санын көрсетуге сауал жіберілген болатын.
Кезегіне орай, Сізден 15.06.2016ж. № 101-04/5437 шығ. нөмерімен жауап берілді (көшірмесі қоса тіркелген), хатта көрсетілгендей 2015 жылы сатыл алудың көлемі «Самрұқ-Қазына» қорында 3 486 млрд. тенгені құраған, сонымен қатар 255 лауазымды тұлғалар жауапқа тартылған.
Осы берілген ақпарттың негізінде, «Ақ жол» депутаттық фракциясы 2016 жылы 23 маусымда ҚР Парламент Мәжілісінің толық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К.Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдады, сауалдың негізі сіздің қолыңыз қойылып, ЖШС «Самрұқ-Қазына Контракт» атынан берілген жауаптағы ақпараттар болатын.
Тиісінше, көрсетілгендей қордың сатып алу көлемі 3,5 трлн. тенге емес, 3,4 трлн. тенгені құрайтыны айтылған.
Алайда, математиканың жалпы ережесі бойынша, 3 486 млрд. тг сандарын домалақтағандағы 3,5 трлн. тенге деп көрсетіледі(оқылуының жеңіл болуы үшін). Сондымен қатар, сол ережелерге сай «5»-тен жоғары барлық сандар жоғарыға қарай домалақталынады. Тиісінше, Сіз айтқан «домалақтағандағы» 3,4 трлн. теңге математикалық қате болып саналады және қоғамның алдында сатып алу көлемін азайтып көрсету мақсатында айтылғаны анық.
Сонымен қатар, жауапқа тартылғандардың көрсетілген саны бойынша да қайшылықтар шықты. ЖШС «Самрұқ-Қазына Контракт» жауабында 255 лауазымды тұлғалар деп көрсетілсе, берілген сұхбатта жауапқа тартылғандардың саны 276 деп көрсетілген.
Сондай-ақ, ЖШС «Самрұқ-Қазына Контракт» біздің сауалымызға жауап беру барысында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының нормалары сақталмаған.
Көрсетілген заңның 9 б. 1 б. сәйкес, Субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы қарауды қамтамасыз етедi. Осы заңның 10 б. 1 б. сәйкес өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 31б. 2б. сәйкес мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың депутат алдындағы өз мiндеттерiн орындамаған, оған көрiнеу жалған ақпарат берген, депутаттық қызметтiң кепiлдiктерiн бұзған лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауапқа тартылуға тиiс.
ҚР Қылмыстық кодексінің 369б. сәйкес қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл іс-әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса жауапқа тарту көзделген.
Сонымен қатар, БАҚ берген сұхбатыңызда, Сіз біздің сауалға жауап ретінде берген ақпаратты жоққа шығардыңыз, осылай депутаттық сауалға негіз болған көрінеу жалған құжат жібердіңіз, осымен жоғарыда көрсетілген құжатқа қол қойған ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының іскерлік беделіне зиян келтірдіңіз.
Осы орайда ҚР ҚК 376 б. «Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау» сәйкес нышандар бар деп санауға орынды. ҚР ҚК 376 б. құқық бұзушылық құрамының негізгі объектісі болып Парламент депутатының қалыпты қызметі, абыройы, құрметі және беделі табылады. іс-әрекеттің обьективті жағы жария түрде жәбірлеу немесе Парламент депутатының мүддесіне және абыройына қастандық жасау. Нақтырақ, Сіз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамға депутаттық сауалда жолданған ақпарат жалған екендігі туралы түсінік бердіңіз, осылай ҚР Мәжілісі депутаттарының беделі мен абыройын жария түрде түсірдіңіз.
Жоғарыда келтірілгендерді ескере отырып , сізге жария түрде сұхбатта айтқан сандарды жоққа шығаруыңыз керек немесе ресми түрде сол бұқаралық ақпарт құралдары арқылы кешірім сұрауыңыз керек деп санаймын.
Партия төрағасы,
Мәжіліс депутаты А.Т. Перуашев