02
Тамыз

Санат жоқ 02.08.2016

Пәтер дауы – депутат назарында

«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 2 тамызы



Бүгін «Ақ жол» партиясынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаты Федор Константинов қала тұрғыны О.Мухаморованы қабылдады.
Арызданушы өзінің соғыс ардагері-әкесінен қалған пәтерінің бір бөлмесін жекешелендіру кезінде қателікпен өзге адамға беріліп кеткен, енді оны қайтара алмай жүргенін айтты. Мәселені шешу үшін адвокат жалдауға қомақты қаржы қажет екен.
Депутат өз кезегінде шағымданушыға заңгер М. Абдрамановамен бірге заңдық кеңес беріп, қалалық тұрғын үй басқармасына аталған арыздың тапсырылатыны жеткізді.



Ф.Констатиновтың тұрғындарды қабылдауы әр апта сайын «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалында өткізілді.