02
Тамыз

Санат жоқ 02.08.2016

«Ақ жол» ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының адал қатысушыларын қорғап сөз сөйледі

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 2 тамызы
«Ақ жол» ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының адал қатысушыларын қорғап сөз сөйледі – осыған орай А. Перуашевтің қолы қойылған хат Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышевтың атына жолданды.
«Ақ жол» ҚДП пайымдауынша, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру Бағдарламасының кейбір талаптары, ипотекалық қарыздар шарттарын жеңілдету және проблемалық кредиттер деңгейін төмендету сияқты негізгі мақсаттарына сәйкес келмейді. Сонымен қатар партияға шағымданған азаматтар, жаңа валютаның курсы бойынша қайта қаржыландыру валюталық ипотеканың шарттарын нашарлатады, өйткені іс жүзінде теңгемен төлем сомасын екі есе арттырады, ал қарапайым азаматтардың валютамен кірістері жоқ. Нәтижесінде, проблемалық несиелерді қысқартудың орнына, олардың саны адал қарыз алушылардың осы санатқа көшу есебінен артуы мүмкін.
Шынында да, Бағдарламаның 4 тармағына сәйкес, төлем бойынша 90 күннен астам проблемалары бар ипотека алушыларға - шетел валютасындағы несиелері девальвацияға дейін, яғни  2015 жылдың  18 тамызындағы  валютаның  бағамы бойынша қайта қаржыландырады.  
Ал ипотеканы уақытылы және толық жауып отырғандар үшін – қайта қаржыландыру ағымдағы бағам бойынша жүргізіледі.
 
«Ипотеканы жеңілдету бойынша бұл бағдарламаның нормасы тек жосықсыз салық төлеушілер үшін, несиелерді уақтылы өтмеуді ынталандырады, ал, адал ниетті қарыз алушылардың, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, ипотекалық қарыздарын уақытында өтеуге ұмтылғандарға - әділетсіз нұқсан келтіреді,- деп санаймыз.
 Осы нормамен ҚР Конституциясының 14-бабының талабы бұзылған, осыған сәйкес, барлығы заң және сот алдында тең, сондай-ақ ешкімді де шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға байланысты кемсітушілікке ұшырауы мүмкін емес», - деп атап өтілген «Ақ жол» ҚДП-ның Ұлттық банкке жіберілген үндеуінде.
 
Осыған байланысты, «Ақ жол» Ұлттық банкті ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіп, адал қарыз алушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды және ипотекасының жағдайларын нақты жеңілдетуді сұрайды.
 
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.