08
Тамыз

Санат жоқ 08.08.2016

Алматы қаласының демократияшыл күштер Коалициясы Жер Кодексіне өзгерістерді талқылады

«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 8  тамызы


Алматыда осы қаланың демократияшыл күштер Коалициясы еліміздің Жер Кодексіне өзгерістерді талқылады. Талқылауға қаладағы саяси күштер өкілдері қатысты. Атап айтап болсақ «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, академик Мұрат Жұрынов, «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Ақжолов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов, жер реформасы жөніндегі Республикалық Комиссияның мүшесі Айдос Сарым және басқалар Жер Кодексіне өзгерістер жөнінде өз ойларын ортаға салды. Отырысты «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Омарбекова жүргізіп отырды.
«Ақ жол» партиясының өкілі Ерлан Ақжолов өз сөзінде жер – ата-бабамыздың аманаты екендігін, оны қастерлеу, тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажеттігін атап өтті.



«Біріншіден, көрші елдердің компанияларына жерді жалға бермеу мәселесі. Себебі, егер, көрші елдерге жерімізді жалға беретін болсақ, әрі қарай сепаратистік мазмұндағы мәселелер туындауы мүмкін. Екінші мәселе – ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселесін дұрыс жүйеге қойып, жерді қазақстан азаматтарына жеке меншікке беру керек. Ауыл шаруашылығын қаржыландырудың дұрыс тетігін таппай, асығыс жекешелендіру арқылы жағдайды қиындатып алуымыз мүмкін.
Тағы бір айта кететін үшінші мәселе- ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылатын агротехникалық тазалық. Атап айтқанда, жерді игеруде қандай тыңайтқыштардың қолданылуы, дәнді дақылдар қоры және тағы басқалар қағаз жүзінде болғанымен, іс жүзінде қолданылмауы мүмкін. Соны қадағалау мәселесін күшейту қажет».
Демократияшыл күштер Коалициясының отырысында айтылған ұсыныстар жер реформасы жөніндегі Республикалық Комиссияға жіберілетін болды.