17
Қазан

Санат жоқ 17.10.2016

Пенопласттан салынған Қорғас қаласы Перуашевтың ашуын келтірді

 Азат Перуашев Мәжілістің эуономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысында “Қорғас” шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық орталығының (ШЫХО) ойыншық макеттері туралы наразылығын білдірді, деп жазады “Ақ жол” ҚДП баспасөз қызметі.


«Біз жаңа ған Қорғастың жай-күйімен танысып қайттық. Сонда көргеніміз – Қытай жағында заманауи, тіршілігі бір қалыпқа отырған, кеңселер  мен банктері, өнеркәсіп орындары толыққанды жұмыс істеп тұрған қала мен біздің жақта пенопласттан салынған ойыншық қала”, – деді Ақ жол партиясы фракциясының басшысы Азат Перуашев.
Перуашев екі елдің де осы жобаны бір уақытта бастағанын айтты.
«11 жыл араға уақыт салып Қытай кәдімгі заманауи қала салды. Ал біздің жақта бос жатқан макеттер. Сіздердің не ойлағандарыңызды білмеймін, бірақ бұл менің ашуыма тиіп отыр. Мен осы жобаға басшылық еткен мекемелердің не істегенін білмеймін”, – деді депутат.
Сонымен қатар Перуашев бизнесмендердің неге Қорғасқа келіп кәсіп етпейтіндерін де айта кетті. “Әлі күнге индустриялды аймақтағы жердің 81 пайызын адам аяғы баспаған. Келгісі келген кәсіпкерлерден билік пара сұрайтын болса олар қайдан келеді? Шенеуніктерге пара бермейінше кәсіп жүрмейтінін білгендіктен шет елдік бизнесмендер бізге жолағысы келмейді”, – деп қатты айтып тастады депутат.
Оның айтуынша, қазақстандық өндірушілер Қорғасқа тікелей келіп жұмыс істей алмай отыр.
Ақ жол фракциясының басшысы өз сөзінде сонымен қатар кәсіпкерлердің партияға арыз түсіретінін де жасырған жоқ.
«Қорғастағы “Самұрық” секілді бір сауда үйіне бір жүк көлігін кіргізу шамамен 1 млн теңге тұрады. Сонымен қатар тағы 500 меңге минимум алымды қосыңыз. Мұның бәрі алып сатарлар мен контрафактінің туындауына жол ашады. Осындай кезде кәсіпкерлер қалайша бәсекеге қабілетті болсын?”, – деп түйіндеді өз сөзін.
Депутат ақырында ұлттық эконмоика министрлігінің Қорғас жұмысын қалпына келтіруге бағытталған құжаттарды дайындауын сұрады.

Дерек көзі - naryk.kz